Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
КК қызметі Жаңалықтар
 
• Халықаралық-құқықтық байланыстары

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің 2004 жылы болған халықаралық және республикалық конференциялардың, семинарлардың, «дөңгелек столдардың» жұмысына қатысуы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі жақын және алыс шетелдердің конституциялық юстиция органдарымен сыртқы байланыстарды қолдап-қуаттап, халықаралық конференцияларға, семинарларға және “дөңгелек столдардың” жұмысына қатысып отырады.

Ақпан айында Ресей Федерациясының Конституциялық Соты Венециандық Комиссиямен бірлесе отырып “Конституцияның тұрақтылығы мен дамуын қолдаудағы Конституциялық Соттың ролі” атты конференция өткізді, оған Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Ю.А.Хитрин қатысты және “Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Конституцияның жоғары тұруы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі практикасы туралы” деген тақырыпта баяндама жасады.

Конституциялық юстиция органдарының адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығын дамыту мақсатында, маусым айында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалған Игорь Иванович Роговтың және Ресей Федерациясы Конституциялық Сотының Төрағасы Валерий Дмитриевич Зорькиннің Мәскеу қаласында кездесуі болып өтті. Кездесуде екі тараптың конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы мәселелері, сондай-ақ 2005 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын мерекелеуге арналған мәселелер талқыланды.

И.И.Рогов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына (қыркүйек) байқаушы ретінде қатысқан Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) және БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Орталық Азиядағы Кеңсесінің (қараша) делегацияларымен кездесу өткізіп, онда адам құқықтарын қорғау саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тамыз айында Кеңес мүшесі Қ.Ж.Балтабаев БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Басшысы Юсаку Ханью мырзаның осы лауазымдағы қызметі аяқталуына байланысты, онымен кездесу өткізді.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мынадай халықаралық конференциялардың жұмысына қатысты:
“Қазақстандағы дауларды шешу механизмінің реформасы” – И.И.Рогов (қазан, Алматы);
Соттық және соттан тыс институттардың адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларды қабылдаудағы ролі туралы” – И.И.Рогов, С.Ф.Бычкова (қараша, Астана);
“Прокуратура органдарының қазіргі кезеңдегі құқық қорғаушылық мақсаты” – И.И.Рогов, Қ.Ж.Балтабаев және А.К.Котов;
“Жеке тұлғаның құқықтарын қорғау және мүддесін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы ғаламдану жағдайында үндестірудің экономикалық және құқықтық проблемалары: ТМД елдерінің теориясы мен практикасы” – С.Ф.Бычкова (қараша, Алматы);
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негіздері” – С.Ф.Бычкова (қараша, Алматы);
“Қылмыстық қудалаудың баламалары және адам құқықтарын қорғау” – С.Ф.Бычкова (қараша, Алматы);
“Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес қылмыстық құқықтың, криминологияның және қылмыстық-атқару құқығының өзекті проблемалары – Қ.Ж.Балтабаев (желтоқсан, Қарағанды).
Одан тыс, Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері дөңгелек столдардың отырыстарына қатысып, онда мынадай тақырыптар талқыланды:
“Айрықша жазаға, өмір бойы және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың конституциялық құқықтарының кепілдіктері” – И.И.Рогов, Қ.Ә.Әбішев, С.Ф.Бычкова (шілде, Астана);
“Алқа заседательдерінің қатысуымен сот ісін жүргізу және оны Қазақстан Республикасында енгізудің болашағы” – И.И.Рогов, Қ.Ә.Әбішев, С.Ф.Бычкова (қыркүйек, Астана);
“Қазақстан Республикасында пенитенциарлық мекемені қоғамдық бақылау: заңнама және практика” – И.И.Рогов, Қ.Ә.Әбішев (қыркүйек, Астана);

“Адамды азаптаудың және оған қатыгездікпен немесе ар-намысын таптай отырып қарау мен жазалау түрлерінің алдын алудың халықаралық құқықтық механизмдері” – С.Ф.Бычкова (желтоқсан, Астана);
“Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік құрылысының негізгі бағыттары: заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері”, бұл отырыста А.К.Котов “Конституция және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулылары – парламенттік құқықтың бастаулары” атты тақырыпта сөз сөйледі (желтоқсан, Астана). Дөңгелек стол Ресей Федерациясы Кеңесінің Күндері аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында өткізілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арнап Астана қаласында “Сайлау процесі барысындағы конституциялық құқықтар мен бостандықтар” тақырыбында тамыз оқулары өткізіліп, онда Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов құттықтау сөз сөйледі. Оқулар барысында Кеңес мүшелері А.К.Котов – “Сайлау құқығы: жалпы ерікті қалыптастырудағы азаматтың дауысы” және Қ.Ә.Омарханов – “Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайлау процесінде конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі орны” атты баяндамалар жасады. Қ.Ә.Омарханов, “Қазақстан” телеарнасында берілген, “Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында” тақырыбымен өткен дөңгелек столдың жұмысына қатысты (Алматы).

Толығырақ ақпаратпен және Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің конференцияларда сөйлеген сөздерінің мәтіндерімен Республика Конституциялық Кеңесінің www.constcouncil.kz. веб-сайтында танысуға болады. Сайтта сондай-ақ Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесі мен конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі туралы ақпарат, Кеңестің қорытынды шешімдері берілген.

2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.

2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.

2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007