Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
КК қызметі Жаңалықтар
 
• Халықаралық-құқықтық байланыстары

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мүшелерінің 2003 жылы халықаралық және республикалық конференциялардың, семинарлардың, дөңгелек столдардың жұмысына қатысуы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жақын және алыс шетелдердің Конституциялық Соттарымен сыртқы байланысты қолдап отырады. Ақпан айында Араб Египет Республикасы Жоғары Конституциялық Сотының шақыруы бойынша, құрамында Конституциялық Кеңестің Төрағасы Ю.А.Хитрин және аппарат бөлімінің меңгерушісі Н.И.Акуев бар, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің делегациясының осы елге сапары болды. Сапар барысында Жоғары Конституциялық Соттың мүшелерімен кездесулер, әңгімелесулер өткізіліп, жұмыс тәжірибесімен алмасу болып өтті. Делегация мүшелері Египеттің бірқатар мемлекеттік органдарының: Әділет министрлігінің, Кассациялық соттың, Мемлекеттік Кеңестің, Бас прокуратураның, Исмаилия және Александрия қалаларындағы жергілікті соттардың қызметімен танысты.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Ю.А.Хитрин қазан айында “Интеграция және әлемдік құқықтәртібіне қатер төну жағдайындағы құқықтық қайта өзгертулердің тәжірибесі” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның (Мәскеу) және Қазақстанның Ресейдегі Жылы іс-шаралары аясында өткен “Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы сот-құқықтық реформаның жай-күйі және даму болашағы” (Мәскеу) атты конференцияның жұмысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі Қ.Ж.Балтабаев мынадай халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жұмысына қатысты: “Террорлық акциялар және өзге де қылмыстар құрбандарының құқықтарын қорғау” (Мәскеу), “Қазақстан Республикасында ғаламданудың криминогендік салдарын болдырмау проблемалары (Алматы), “Қазақстан Республикасының пенитенциарлық мекемелеріндегі қоғамдық мониторинг” (Алматы, қыркүйек), “Қазіргі жағдайда құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары (Қарағанды, желтоқсан). Ол сондай-ақ судьялар мен прокурорлардың азаптаудың алдын алудағы роліне арналған семинар жұмысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі С.Ф.Бычкова мынадай халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты: “Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарына берілетін кепілдікті күшейту проблемалары” (Алматы, ақпан), “Өмір бойы бас бостандығынан айыру: халықаралық стандарттар және тәжірибе” (Алматы, маусым), Трансазиялық Парламенттік Форум аясында өткізілген “ЕҚЫҰ-ның трансазиялық өлшемдері: қауіпсіздіктің өмірлік шарттары” (Алматы, маусым), “Орталық Азия елдеріне арналған семинар – Демократия және адам құқықтары саласындағы Еуропалық бастама (ДАҚЕБ)” (Алматы, қазан). “БҰҰ-ның халықаралық пактілері: Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғаудың жүйесі, әдістемесі және тәжірибесі” (Астана, қараша), “Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізуіндегі процессуалдық бақылау – қазіргі кезеңдегі проблемалары және даму болашағы” (Алматы, желтоқсан), С.Ф.Бычкова Қазақстан Республикасында өлім жазасын жою жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысып, “Қазақстандағы ювеналдық юстиция” жобасы бойынша сарапшылар кеңесі мен жұмыс тобының отырысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі А.К.Котов мынадай халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың жұмысына қатысты: “Қазақстандағы жер қатынастарын дамытудың өзекті мәселелері және әлеуметтік-құқықтық аспектілері” (Астана, маусым), “Қазақстан Республикасының заңнамасын, сот жүйесін және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру” (Алматы, қыркүйек), “Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптасу проблемалары және конституциялық процесс” (Алматы, қазан). Конференцияларда ол мынадай ғылыми баяндамалар жасады: “Құқықтық реализм идеологиясы – конституционализм саясатының негізі”, “Егемендік және Қазақстанның аумақтық тұтастығы мәселелері”, “Конституцияның тікелей қолданылуы және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулылары конституциялық құқық жүйесінде”. Одан тыс, А.К.Котов “Конституциялық сот – билік бөлінісінің кепілдігі” деп аталатын конституциялық сот төрелігі бойынша Алтыншы Халықаралық Форумда (Мәскеу) “Биліктің тұтас бөлінуі және прецеденттік конституциялық құқық” деген баяндама жасады. 2003 жылғы 29 желтоқсанда заң ғылымының докторы, профессор А.К.Котов Әл-Фараби атындағы ҚМҰУ-де Қ.Ә.Мәмидің “Конституциялық заңдылық және сот билігі: негізгі үрдістері және даму болашағы” тақырыбындағы докторлық диссертациясы бойынша ресми оппонент болып сөз сөйледі.

“Халықаралық Қылмыстық Соттың (ХҚС) Орталық Азия елдерінде ілгері жылжуы” деп аталатын ақпараттық науқан шеңберінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қызметкерлерінің еуропалық сарапшылармен кездесуі болып өтті. Кеңес аппараты бөлімінің меңгерушісі Н.И.Акуев Алматы қаласында өткен “Өмір бойы бас бостандығынан айыру: халықаралық стандарттар және тәжірибе” атты конференцияның жұмысына қатысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған Мемлекеттік мереке кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Конституция мен конституциялық заңдылықты насихаттайтын бірқатар мақалалар жарық көрді, Конституциялық Кеңес мүшелерінен алынған интервьюлер “Егемен Қазақстан”, “Сақшы”, “Казахстанская правда” газеттерінде, “Столица”, “Қазақстандағы құқықтық реформа” және өзге журналдарда бірнеше рет жарияланды. Конституциялық Кеңестің мүшесі Х.Ә.Әбішев және Кеңес аппараты бөлімінің меңгерушісі Н.И.Акуев, Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырған “Қазақстан Республикасының Конституциясы – тұрақтылық пен гүлдену негізі” деп аталатын дөңгелек столдың жұмысына қатысты. Конституциялық Кеңестің мүшесі Қ.Ә.Омарханов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы өткізген семинарда “Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау” атты баяндама жасады. Конституциялық Кеңестің мүшесі Х.Ә.Әбішев Қазақстан Республикасы ІІМ орталық аппаратының жиналысында “Қазақстандағы конституционализм проблемалары” деген тақырыпта баяндама жасады.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі өзінің www.constcouncil.kz деп аталатын ресми веб-сайтын ашты, оның беттерінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі және конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі туралы ақпарат, Конституциялық Кеңестің қорытынды қаулылары және өзге де мәліметтер берілген.

2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.

2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.

2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007