«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі». Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің 2001 жылы халықаралық және республикалық конференциялардың, семинарлардың, “дөңгелек столдардың” жұмыстарына қатысуы
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Ю.А.Хитрин Ресей Федерациясы Конституциялық Сотының он жылдығына (Мәскеу, қараша) және халықаралық құқық нормаларын имплементациялау проблемаларына арналған (Минск, шілде) халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйледі. Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.И.Акуев Мәскеу қаласында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті ұйымдастырған “Конституциялық жауапкершілік проблемалары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда “Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша заңды жауапкершілік” атты баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналып, басқа елдерден келген ғалымдар мен мамандар қатысқан: “Жаңа тәуелсіз елдердегі президенттік институты”, “Тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде Қазақстанның құқықтық дамуы” және “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі: теория мен практика мәселелері” атты үш республикалық конференцияда Конституциялық Кеңестің Төрағасы және мүшелері Н.И.Акуев, Ж.Д.Бұсырманов, А.К.Котовтар сөз сөйледі.
Республикалық және шетел баспасөздерінде Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері 17 мақала және бір брошюра жариялады. “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерінде Н.И.Акуев пен А.К.Котовтың мақалалары жарық көрді. Алматыда, Мәскеуде және Минскіде өткізілген халықаралық конференциялардың материалдары жинағында Ю.А.Хитриннің “Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Кеңеспен бірлесіп әрекет етуі”, “Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдеріндегі конституциялық бақылау органдары: жақындасу проблемалары” және “Халықаралық құқық нормаларын Қазақстан Республикасының ұлттық заңдары жүйесіне трансформациялаудың кейбір мәселелері туралы” мақалалары жарияланды. ҚазМЗА бағыты бойынша А.К.Котовтың “Жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның конституциялық-құқықтық қалыптасуы” атты брошюрасы басылып шықты. “Қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдері басшыларының республикалық кеңесі материалдары” жинағанда Н.И.Акуевтің “Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс тәжірибесі” атты мақаласы жарияланды (Астана, 2001ж.). Н.И.Акуев сондай-ақ заңдылықты қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларына арналған конференцияда (Алматы қаласы) Конституциялық Кеңестің Бас прокуратурамен өзара іс-әрекеті туралы ғылыми хабарлама жасады. Конституциялық Кеңестің 2000 жылғы қорытынды қаулылары мен оның қызметі жайлы материалдар жеке кітап болып басылып шықты.
Баспасөз конференциялары өткізіліп, онда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Конституциялық Кеңестің қызметімен танысты. Кеңестің Төрағасы Ю.А.Хитрин өз сөзінде Кеңестің конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі мен мәртебесі туралы, мемлекеттік органдардың өздерінің конституциялық өкілеттігіне сәйкес өзара бірлесіп әрекет етуі туралы әңгімелеп берді. Республикалық теледидар мен радио бойынша 6 хабар ұйымдастырылды.
2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.
2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.
2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.