«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі». Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің 2006 жылы өткен халықаралық және республикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысуы
Қаңтарда Конституциялық Кеңестің мүшесі С.Ф. Бычкова Астана қаласында ҚР Парламенті мен ЕҚЫҰ-ның Алматы қаласындағы Орталығы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында алқабилер институтын енгізудің заңнамалық ерекшеліктері» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.
16 – 21 қаңтар аралығында Конституциялық Кеңес мүшесі А.М. Нұрмағамбетов Мәскеу қаласында (Ресей) Мәскеу Мемлекеттік заң академиясының Ресей Еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету ассоциациясының шақыруымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
31 қаңтар – 1 ақпан аралығында Конституциялық Кеңес мүшесі А.М. Нұрмағамбетов ЕҚЫҰ-ның Алматы қаласындағы Орталығының шақыруымен «Орталық Азиядағы еңбек миграциясын басқару» атты семинарға қатысты.
9 ақпанда Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов ЕҚЫҰ-ның Алматы қаласындағы Орталығының басшысы, Елші Ивар Виккиді оның өтініші бойынша қабылдады.
13 – 14 ақпанда Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов және Кеңес мүшесі С.Ф. Бычкова Алматы қаласында «Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактінің ережелерін енгізу проблемалары: Қазақстан Республикасының заңнамасы мен құқық қолдану практикасы» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты. C.Ф. Бычкова «Қазақстан Республикасының азаптауға және адамның қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірлеуге және жазалауға тыйым салу жөніндегі халықаралық міндеттемелері» тақырыбында баяндама жасады. Бұл шараны ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы Орталығы және ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «Адам құқықтары үшін хартия» Қоғамдық қоры ұйымдастырды.
28 ақпанда Мәскеу қаласында Халықаралық заңгерлер одағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, оған Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов қатысты.
25 – 28 сәуірде Конституциялық Кеңестің мүшесі Қ.Ж.Балтабаев Анкара қаласында (Түркия) «Қазақстан Республикасының конституциялық дамуының ерекшелігі» атты баяндамамен Түркия Республикасы Конституциялық Сотының 44 жылдығына орай өткізілген симпозиумға қатысты.
19 мамырда Конституциялық Кеңестің мүшесі Х.Ә.Әбішев Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру» тақырыбында өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
23 – 24 мамырда Конституциялық Кеңестің мүшесі Қ.Ж.Балтабаев Мәскеу қаласында (Ресей) Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 10 жылдығына орайластырылған Қылмыстық құқық жөніндегі I Бүкілресейлік конгреске қатысып, «Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айырудың баламасын қолданудың проблемалары» тақырыбында баяндама жасады.
12 маусымда Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов және Кеңестің мүшесі Х.Ә. Әбішев Конституцияның ережелерін және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасады. Сапар барысында И.И. Рогов пен Х.Ә. Әбішев «Бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе жатқан мемлекет құру Конституцияның бағдарламалық мақсаты» атты Дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
13 – 16 маусымда Конституциялық Кеңестің мүшесі С.Ф.Бычкова Хельсинки қаласында (Финляндия) өткен Сот сараптамасы жөніндегі Еуропа Академиясының 4-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
21 – 24 маусымда Конституциялық Кеңестің мүшесі А.М.Нұрмағамбетов Алматы қаласында Қоғамдық проблемаларды талдау орталығының (РРК.С) шақыруымен «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару құрылуын құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға қатысты.
30 маусым – 1 шілде аралығында Конституциялық Кеңестің мүшесі Х.Ә.Әбішев София қаласында Болгария Республикасы Конституциялық Сотының Президенті Неделчо Бероновтың шақыруымен, Болгария Республикасы Конституциялық Сотының 15-жылдығына арналған «Конституциялық Сот демократиялық мемлекетте» тақырыбында өткен Халықаралық конференцияға және өзге де салтанатты іс-шараларға қатысты.
20 – 21 шілде аралығында Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.В.Белоруков Алматы қаласында «Құқық, адам және денсаулық» тақырыбында өткен Қазақстан Республикасы Әділет және Денсаулық сақтау министрліктері, «Халықаралық түрме реформасы» ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігі, Нидерландтық Корольдік туберкулезге қарсы күрес жөніндегі орталық бірлестігі (КМСУ) және ЕҚЫҰ-ның Алматы қаласындағы Орталығы ұйымдастырған Халықаралық конференция жұмысына қатысты. Конференция мақсаты – «Пенитенциарлық мекемелердегі адам құқықтары. Қамауға алудың баламалары, Қазақстан түрмелеріндегі туберкулезді бақылау бағдарламасы» атты бірлескен жобаның іске асырылу нәтижелерін талқылау.
9 – 11 тамыз аралығында Конституциялық Кеңестің мүшесі С.Ф.Бычкова Алматы қаласында «Орталық Азиядағы қылмыстық сот төрелігінің даму үрдістері» тақырыбында ДИАҚБ/ЕҚЫҰ ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
29 тамызда Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов және Кеңес мүшелері С.Ф. Бычкова, Ү.М.Стамқұлов «Адам құқықтарын қорғаудың конституциялық механизмдері» тақырыбындағы IV Тамыз оқылымдарына қатысты.
17 – 23 қыркүйек аралығында Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов және Кеңес мүшесі А.М.Нұрмағамбетов қатысқан Конституциялық Кеңес делегациясы Франция Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Пьер Мазо мырзаның шақыруымен Франция Конституциялық Кеңесіне сапар жасады.
4 қыркүйекте Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.В.Белоруков, Испания омбудсмені кеңсесінің заңнама жөніндегі сарапшысы Хоакин Трийомен және Еуропа Одағы қаржыландыратын, «Қазақстандағы омбудсмен мекемесін күшейту» атты Екі жақты Әріптестік бағдарламасының жобасы жөніндегі тұрақты кеңесші Антонио Морамен жұмыс бабындағы кездесуі өтті.
12 – 13 қазан аралығында Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов және Кеңес мүшесі С.Ф.Бычкова Алматы қаласында «Құқық қорғау органдарының және азаматтық қоғам институттарының қызметіндегі қылмыстың алдын алудың теориялық және тәжірибелік мәселелері: халықаралық тәжірибе, Қазақстанның ұлттық практикасы» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.
17 қазанда Конституциялық Кеңестің мүшесі С.Ф.Бычкова Астанада Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Сыртқы істер министрлігінің, ЕЫҚҰ-ның Алматы қаласындағы Орталығының және «Транспаренси Қазақстан» ҚҚ ұйымдастыруымен өткен, «Қазақстан Республикасында жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
27 қазанда Конституциялық Кеңестің мүшесі Қ.Ж.Балтабаев Астанада Қаржы полициясы Академиясында өткен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама: халықаралық тәжірибе және оны Қазақстан Республикасында жүргізу механизмдері» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты. Баяндама тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың шарасы».
3 қарашада Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.В.Белоруков Астанада «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Қазақстан қоғамын саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғырту мәселелері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Оның ұйымдастырушылары – Конституцияның әлеуетін одан әрі іске асыру жөніндегі жұмыс тобы, Қазақстан Республикасындағы Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия және Қазақ гуманитарлық заң университеті.
17 қарашада Құқық арқылы демократияға жету Еуропа Комиссиясының (Венециандық Комиссия) Бас хатшы Джованни Букиккио, Комиссия сарапшысы, Франция Конституциялық Кеңесінің мүшесі Жан-Клод Кольяр, сондай-ақ осы ұйым қызметкері С.Кузнецов және Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы саяси мәселелер жөніндегі өкілдігінің атташесі Лиамин Алессандр құрамындағы делегациясы Конституциялық Кеңесте болды.
28 – 29 қараша аралығында Конституциялық Кеңестің делегациясы Төраға И.И.Роговтың басшылығымен Португалия астанасы Лиссабон қаласында «Солтүстік – Оңтүстік» Орталығы Еуропа Кеңесінің Венециандық комиссиясымен бірлесіп өткізген «Конституционализм – демократияның, адам құқықтарының және заң үстемдігінің кілті» атты Лиссабон форумы – 2006 іс-шараға қатысты.
1 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов, Республика Парламентінің Сенаты өткізген, «Қазақстан Республикасында алқабилер соты институтын енгізудің заңнамалық негіздері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.
1 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің мүшесі С.Ф.Бычкова Астана қаласында «Сыбайлас жемқорлық және оның алдын алу шаралары» тақырыбында өткен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты. Конференция ұйымдастырушылары – «Атамекен» Қазақстанның Жалпыұлттық кәсіпкерлері және жұмыс берушілері одағы.
7 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов, Кеңес мүшесі Н.В.Белоруков және Кеңес аппаратының басшысы Ә.А.Темірбеков, Қазақстан Республикасындағы Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия шеңберінде Алматы қаласында ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: тұрақтылық және динамизм» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.
8 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің мүшесі Қ.Ж.Балтабаев Қарағанды қаласында «Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы қылмыстық-құқықтық саясат және құқықтық тәрбиелеу проблемалары» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулыларындағы қылмыстық құқықтың кейбір мәселелері» атты баяндама жасады. Конференцияны Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты ұйымдастырды.
8 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің мүшесі Ү.М.Стамқұлов Астана қаласында Д.А.Қонаев атындағы Университет ұйымдастырған, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі: саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
10 – 18 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің мүшесі С.Ф.Бычкова Венеция қаласында (Италия) «Құқық арқылы демократияға» Венециандық Комиссияның (Венециандық Комиссия) пленарлық сессиясының жұмысына Қазақстан Республикасының конституциялық дамуы мәселелері жөніндегі баяндамамен қатысты.
2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.
2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.
2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.