«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі». Н. Назарбаев
Ү.ж. 2 маусымда Конституциялық Кеңесте Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) студенттерімен дәстүрге айналған жыл сайынғы кезекті кездесу өтті.
2010 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының шақыруымен Конституциялық Кеңестің мүшесі Ұ.М.Стамқұлов Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысына қатысты.
Ү.ж. 22-23 сәуірде Алматы қаласында Қазақстандағы президенттік институттың жиырма жылдық даму қорытындысына арналған «Қазақстан Республикасындағы президенттік институт: тарихы және қазіргі кезеңі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (бұдан әрі – конференция) өтті.
2010 жылғы 8 сәуірде Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Чех Республикасы Бас прокуратурасының құрамында Бас Прокурор Рената Весецка, Бас Прокурордың орынбасары Зденек Коуделка, Прага қаласының Прокуроры Властимил Рампула, Прага қаласы Прокурорының орынбасары Либор Грыгарек қатысқан делегациясын қабылдады.
Ү.ж. 19 наурызда Алматы қаласында Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов және Конституциялық Кеңестің Аппарат басшысы Ә.А.Темірбеков Қазақстан криминологиялық ассоциациясының шақыруымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы аясында құқық қорғау жүйесін реформалау проблемаларын талқылау. Қазақстан криминологиялық ассоциациясының таныстырылымы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
2010 жылғы 16 наурызда Конституциялық Кеңестің мүшесі Ү.М.Стамқұлов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Заңнама және құқық мәселелері комитеті ұйымдастырған аралық соттардың және арбитраждық органдардың өкілдерімен баламалы сот төрелігі проблемалары жөніндегі кездесуге қатысты.
2010 жылғы 24-26 ақпанда Женева қаласында (Швейцария) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.В.Белоруков өлім жазасына қарсылық IV Дүниежүзілік конгресс жұмысына қатысты. Іс-шараны Дүниежүзілік өлім жазасына қарсылық коалициямен ынтымақтаса отырып Францияның «Өлім жазасына бірге қарсылық» ҮЕҰ ұйымдастырды.
2010 жылғы 8 ақпанда Алматы қаласында Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов, Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.В.Белоруков және Төраға кеңесшісі Б.М.Нұрмұханов Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында қылмыстық саясатты ырықтандыру келешегі» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
2010 жылғы 29 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14А.50.15 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі Б.Нұрмұхановтың «12.00.08 - қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқарушылық құқық» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған «Қазақстан Республикасының ұлттық қылмыстық құқығы мен халықаралық қылмыстық құқықтың принциптерінің арақатынасы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалды. 2010 жылғы 22 қаңтарда Конституциялық Кеңес мүшесі Н.В.Белоруков Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасында қылмыстық саясатты либералдандыру болашағы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде адам құқықтарының жай-күйіне шетелдік сарапшылар тарапынан кейде әділ баға берілмеуіне алаңдаушылық білдірген заңгер-ғалымдар осы іс-шараны өткізуге бастамашылық жасады.
2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.
2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.
2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.