«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі». Н. Назарбаев
2009 жылғы 16 қазанда Алматы қаласында Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов, Кеңес мүшесі Н.В.Белоруков және Кеңестің Аппарат бөлімінің меңгерушісі Қ.К.Алдоңғаров «Қазақстан Республикасының 2010-2020 ж.ж. арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасын жүзеге асырудың міндеттері» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Ү.ж. 15-17 қазанда Қырғызстан Республикасында Конституциялық Кеңестің мүшесі А.Н.Жайылғанова және Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі Б.М.Нұрмұханов IV жыл сайынғы Орталық Азия елдеріне қылмыстық және әкімшілік сот төрелігі бойынша сараптама форумына қатысты.
Ү.ж. 9-10 қазанда Венеция қ. (Италия) Конституциялық Кеңес Төрағасы И.И.Рогов Кеңестің Аппарат бөлімдерінің меңгерушілері Қ.М.Сарсембаев және Қ.К.Алдоңғаров «Құқық арқылы демократияға өту» Еуропа комиссиясының (Венециялық Комиссиясы) хатшысы Джанни Букуккио мырзаның шақыруымен Еуропа Кеңесі Венециялық комиссияның 80-ші пленарлық отырысына қатысты.
(И.И.Роговтың сөйлеген сөзінің толық мәтінін «Cөйленген сөздер» бөлімінен қараңыз) 2009 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқық нормалары, атап айтқанда, Кеден одағын құру жөніндегі келісімдер негізінде құрылатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің құқықтық мәртебесіне қатысты қолдануда Конституцияның 4-бабының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады.
Осы ұсынысты қарау бойынша Конституциялық Кеңестің отырысы өтетін күн қосымша хабарланады. 2009 жылғы 29 қыркүйекте Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И. Рогов БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының халықаралық консультанттары Маржори Фаркуарсон мырзамен Кеймир Оразов мырзаны қабылдады.
2009 жылғы 28 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Варшава қ. (Польша) Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А.Малиновский жыл сайынғы адамдық өлшем саласындағы міндеттемелерді орындаудағы ЕҚЫҰ-ң кеңесіне қатысты. 2009 жылғы 18 қыркүйекте Конституциялық Кеңестің мүшесі І.Ж.Бақтыбаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шақыруымен «Азаматтық сот ісіне қатысушылардың айтысуы мен теңдігін қамтамасыз ету проблемалары» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
2009 жылғы 9 қыркүйекте Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов және Кеңес мүшесі І.Ж. Бақтыбаев «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы іс-әрекеттің 2009-2012 жылдарға арналған ұлттық жоспарының» тұсаукесеріне қатысты.
2009 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Аппарат басшысы Ә.А.Темірбеков Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Қазақстан Конституциясының әлеуеті – елдің индустриалды-инновациялық дамуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.
2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.
2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.