Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Жаңалықтар Жаңалықтар
 
Ү.ж. 3 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Түркіменстан Республикасының делегациясын, қазақстандық қылмыстық-атқару моделінің даму тәжірибесін және Қазақстан Республикасындағы пенитенциарлық жүйені реформалауды зерделеу мақсатында келген қабылдады.

2009 жылғы 29-30 мамырда Тюмень қаласында (Ресей) Конституциялық Кеңес мүшесі І.Ж.Бақтыбаев Тюмень облыстық Думасының Төрағасы С.Е.Корепановтың шақыруымен «Ресей Федерациясының миграциялық саясатының конституциялық негіздері» атты бүкіл ресейлік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

2009 жылғы 15 мамырда Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов «Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы: қазіргі заманғы жағдайы, мәселелері және келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, сөз сөйледі.
Конференцияға қатысушылар халықаралық үлгілерді және халықаралық тәжірибелерді есепке алып қазақстандық сайлау құқығының дамуы және жетілуінің маңызды мәселелерін талқылады.
(И.И.Роговтың сөйлеген сөзінің толық мәтінін «Сөйленген сөздер» бөлімінен қараңыз)

2009 жылғы 13-15 мамырда Астана қаласында Конституциялық Кеңестің Аппарат басшысы Ә.А.Темірбеков Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырған «Қылмыстық істі қараудың әдістемесі» атты халықаралық семинарға қатысты.
(Ә.А.Темірбековтың сөйлеген сөзінің толық мәтінін «Сөйленген сөздер» бөлімінен қараңыз)

Ү.ж. 12-13 мамырда Алматы қ. Конституциялық Кеңес мүшесі І.Ж.Бақтыбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының шақыруымен «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының заңдық табиғаты және олардың сот төрелігін іске асыру тиімділігіндегі ролі» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар жұмысына қатысты.

Ү.ж. 30 сәуірде Алматы қаласында Конституциялық Кеңес Төрағасы И.И. Рогов және Конституциялық Кеңес мүшесі Н.В.Белоруков «Адам құқықтары үшін хартия» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қылмыстық сот ісін оңтайландыру мәселелері және қылмыстық іс жүргізуде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету проблемалары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

2009 жылғы 27 сәуірде Қазақ гуманитарлық заң университетінде ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И.Роговпен кездесті.


2009 жылғы 8 сәуірде Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Рогов Халықаралық судьялар қауымдастығы Президенттік комитетінің мүшесі, АҚШ Миннесота аймағы аймақтық сотының аға судьясы Пол Магнусон мырзаны қабылдады.

2009 жылғы 7 сәуірде Ақмола облыстық сотының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 484-бабын ҚР Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы ұсынысы бойынша Конституциялық Кеңестің отырысы өтті.

2009 жылғы 24-31 наурыз Конституциялық Кеңес аппараты құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі Қ.М.Сәрсембаев Черногорияда өтетін парламенттік сайлауды байқауға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Миссиясы құрамында Қазақстан Республикасынан қыска мерзімді байқаушы ретінде қатысты.


бастама | алдағы | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | келесі | соңы
2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.

2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.

2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007