«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі». Н. Назарбаев
2009 жылғы 16 наурызда, Республика Конституциялық Кеңесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 484-бабын Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы Ақмола облыстық сотының ұсынысын іс жүргізуге қабылдады.
Алдын ала хабарлағандай, Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды Конституцияға сәйкес емес деп тапты.
2009 жылғы 7-9 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И.Рогов Египет Араб Республикасында конституциялық юстиция құрылуының 40-жылдығына арналған «Құқықтар мен саяси бостандықтардың конституциялық кепілдіктері» тақырыбындағы халықаралық конференция жұмысына «Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың бостандықтары мен құқықтары қорғалуының конституциялық негіздері» тақырыбында баяндама жасады және басқа да шараларға қатысты.
2008 жылғы 2 желтоқсан. Астана қаласы. Бүгін «Интерконтиненталь» қонақ үйінің конференц-залында «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және оның түбегейлі принциптерінің Қазақстан Республикасының Конституциясында және шет елдердің конституцияларында жүзеге асырылуы» атты, осы халықаралық-құқықтық маңызды құжат қабылдануының 60-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
2008 жыл 1 желтоқсан. Астана. Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.В.Белоруков Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясы (Венециандық Комиссия) және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы ұйымдастырған «Саяси партияларды және сайлау науқандарын қаржыландырудың халықаралық стандарттары» атты халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияға араларында Еуропа Кеңесінің бас хатшысы, Болгария Конституциялық Сотының судьясы, Ирландияның Бас прокуроры бар мәртебелі қонақтар қатысты.
Ү.ж. 27-28 қараша Брюссель. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің мүшесі Ү.М.Стамқұлов сарапшы ретінде Еуропалық Одақ, Германия, Франция, Орталық Азиядағы құқықтық билікті нығайтуды Еуропалық одақтың бастама үйлестірушісі, сондай-ақ, Еуропалық комиссиясы бірігіп ұйымдастырған «Құқықтың үстемдігі – даму іргетасы» тақырыбында министрлер деңгейінде өткен бірінші мәжіліске қатысты.
2008 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ұйымдастырған «Халықаралық шарттарды ұлттық заңнамаға енгізу» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Ү.ж. 31 қазанда Конституциялық Кеңес мүшесі І.Ж.Бақтыбаев және Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Ә.А.Темербеков «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік заңнаманың даму болашағы» Саяси құқықтық орталығымен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы және Неміс қоғамдық техникалық ынтымақтастығының (GTZ) бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты.
Конституциялық Кеңес аппараты құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі Қ.М.Сәрсембаев пен Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі Б.М.Нұрмұханов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Америка Құрама Штаттарында 2008 жылғы 4 қарашада өтетін жаппай сайлауды байқау жөніндегі миссиясы құрамында ұзақ мерзімді байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасынан іссапарға жіберілді. Ағымдағы жылдың қазан айының 17-18 күндері Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мүшесі Жайылғанова Анар Нұралықызы арнайы шақырылған мейман ретінде Венецияда болған Европалық комиссияның құқық арқылы демократияға атты 76-шы Пленарлық сессиясына қатысты.
2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.
2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.
2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.