Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Жаңалықтар Жаңалықтар
 

2010 жылғы 4 маусымда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И.Рогов Венеция қаласында (Италия) Құқық арқылы демократияға өту Еуропа комиссиясының (Венециялық Комиссиясы) шақыруымен Венециялық комиссияның 20-жылдық мерейтойына арналған 83-ші пленарлық сессиясына және басқа іс-шараларына қатысты.



Осы іс-шараларға Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы, кейбір Еуропа мемлекеттерінің басшылары, жақын және алыс шетелдердің конституциялық бақылау органдарының, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Венециялық комиссияны Қазақстанның мемлекеттік құқықтық саясаты саласындағы және елімізде конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі жетістіктері жайында хабардар етті. Венециялық комиссияның мүшелері 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған жаңа Құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру туралы берген ақпаратын үлкен қызығушылықпен қабылдады. Конституциялық Кеңеспен Қазақстан, Ресей және Беларусия арасындағы Кедендік одақтың комиссия қызметінде Республиканың қатысу мәселесіне байланысты Қазақстан Конституцияның кейбір нормаларын түсіндіру мәселесі жөнінде Венециялық комиссияның пікірі ескеріліп, Конституциялық Кеңеспен Венециялық комиссияның тығыз ынтымақтастығы аталып өтті.

И. Рогов Комиссия басшыларын Астана қаласында ү.ж. 27-28 тамызда жоспарланған Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты өтетін халықаралық конференцияға қатысуға шақырды. Шақыру үлкен алғыспен қабылданды.



2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.

2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.

2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007