Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Нормативтік-құқықтық база Жаңалықтар
 
• Конституциялық іс жүргізу
• ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті ережелері

Конституциялық іс жүргізу туралы қолданылып жүрген заңнама: 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінің тиісті ережелері

9-бап. Заңдылық

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық, және оны жасағаны үшiн қолданылатын әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары тек осы Кодекспен белгiленедi. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайларда, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуға тиiс емес.

3. Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтарына және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің шешімін алған соң іс жүргізу қайта басталады.


2012 жылғы 13 қаңтарда Конституциялық Кеңес Төрағасы И.Роговтың бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына мониторинг жасап жүрген халықаралық байқаушылардың миссияларымен кездесулері болып өтті.

Ү.ж. 11 қантар. 2012 жылғы 6 қаңтарда Конституциялық Кеңес, Орталық сайлау комиссиясының қолдаухаты бойынша, қолданылып отырған төтенше жағдай кезінде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бесінші сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты өзінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5 қаулысын түсіндіру туралы қосымша қаулы қабылдады.

Ү.ж. 11 қантар. 2012 жылғы 6 қаңтарда Конституциялық Кеңес, Орталық сайлау комиссиясының қолдаухаты бойынша, қолданылып отырған төтенше жағдай кезінде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бесінші сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты өзінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5 қаулысын түсіндіру туралы қосымша қаулы қабылдады.

Ү.ж. 06 қантар. Конституциялық Кеңес Орталық сайлау комиссиясының өтінішін бойынша «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5 Қаулысысын қосымша түсіндіру туралы» Қосымша қаулысын жариялады.

Ү.ж. 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Конституциялық заңдылық – құқықтық мемлекеттің және тұлға еркіндігінің негізі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007