Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Құрамы Жаңалықтар
 
• Қазіргі құрамы

РОГОВ
Игорь Иванович

Конституциялық Кеңестің Төрағасы


1950 жылы 17 мамырда Баку қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын Алматы ағаш өңдеу комбинатының станокшысы болып бастаған. Университетті бітіргеннен кейін Алматы қаласы Әуезов АІІБ-нің тергеушісі болып жұмыс істеді, кейін 15 жыл бойы оқытушылық қызметпен айналысты. Президент және Министрлер Кабинеті Аппаратының аға референті, консультанты, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. Конституциялық сот төрағасының орынбасары, Мемлекет басшысының көмекшісі, кеңесшісі, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы, Әділет министрі болып тағайындалды. 2004 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 15 маусым 2010 жылғы № 998 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы етіп екінші мерзімге тағайындалды.


Ілияс Жақыпбекұлы
БАҚТЫБАЕВ


1948 жылғы 1 тамызда Алматы облысы Талғар ауданының Қызыл ту-3 ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1982 жылғы маусымнан 1984 жылғы желтоқсанға дейін – Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының халық судьясы. 1991 жылғы қазаннан 1994 жылғы наурызға дейін – Алматы облысының прокуроры. 2003 жылғы наурыздан 2008 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары лауазымында болды. 2008 жылғы 5 наурызда Парламент Мәжілісінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бар, Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері. Заң ғылымының докторы. «Құрмет» орденімен, «Астана» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальдермен марапатталған.


БЕЛОРУКОВ
Николай Васильевич

1952 жылғы 20 наурызда Көкшетау облысы Володар ауданының Карловка селосында туған. 1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын "Алматыжилстрой" трестіне қарасты №20 Құрылыс-монтаж басқармасында құрылысшы болып бастаған. Университетті бітірген соң Алматы облысы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Қасқелең ауданы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1980 жылы Қазақ КСР-і Прокуратурасы жалпы қадағалау бөлімінің прокуроры, ал 1983 жылы Қазақ КСР-і Прокуратурасы заңдардың көлікте орындалуын қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры болып тағайындалды. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1984 жылы Қазақ КСР-і Прокуратурасы заңдардың көлікте орындалуын қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры болып тағайындалды. 1988-1992 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Прокуратурасы жалпы қадағалау бөлімінің бастығы. Соңыра Қостанай облысының прокуроры болып тағайындалды. 2005 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.


ЖАИЛҒАНОВА
Анар Нұралықызы

1969 жылғы 10 шілдеде Семей облысы Чарск ауданы Белтерек ауылында туған. 1986 жылы Белтерек ауылының орта мектебін медальмен тәмәмдап, осы жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1991 жылы үздікпен аяқтады. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы лауазымына ауысты. 2000 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі, 2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып қызмет атқарды. 2008 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Қаулысымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 2002 жылы «Қазақстан Республикасында сот қызметін ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен 25.08.2005ж. №1633 «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.


МАЛИНОВСКИЙ
Виктор Александрович

1956 жылы 27 мамырда Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің мемлекеттік құқық және совет құрылысы кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, деканның орынбасары, Алматы саясаттану институтының мемлекеттік құрылыс және құқық кафедрасының доценті болып бастады. Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының Мемлекеттік-құқық бөлімінің референті, аға референті, Республика Конституциялық Сотының судьясы болып қызмет атқарды. 1995 жылдан 2006 жылға дейін Заңгерлік академиясы – «Әділет» Жоғары құқық мектебінің проректоры болып жұмыс істеді. Соңғы уақытта «Интерньюс-Қазақстан» мекемесінде заңгер, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.


НҰРМАҒАМБЕТОВ
Аманжол Мағзұмұлы

1950 жылғы 3 маусымда Көкшетау қаласында туған. 1975 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1982 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті заң факультетінің аспиранты. 1975-1989 ж.ж. - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің оқытушысы. 1989 жылдан бастап партия жұмысында болды, одан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2005 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының өкімімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.


СТАМҚҰЛОВ
Үбайдолла Мырзағалиұлы

1951 жылғы 8 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір ауданының Первомаевка селосында туған. 1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын Шымкент облысы Ленгір аудандық сотының сот мәжілісінің хатшысы болып бастады. Университетті бітірген соң КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебінің азаматтық құқық және процесс кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 1979-1982 жылдардағы кезеңде С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің аспиранты. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызметпен айналысты. 2005 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының өкімімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.



2012 жылғы 13 қаңтарда Конституциялық Кеңес Төрағасы И.Роговтың бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына мониторинг жасап жүрген халықаралық байқаушылардың миссияларымен кездесулері болып өтті.

Ү.ж. 11 қантар. 2012 жылғы 6 қаңтарда Конституциялық Кеңес, Орталық сайлау комиссиясының қолдаухаты бойынша, қолданылып отырған төтенше жағдай кезінде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бесінші сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты өзінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5 қаулысын түсіндіру туралы қосымша қаулы қабылдады.

Ү.ж. 11 қантар. 2012 жылғы 6 қаңтарда Конституциялық Кеңес, Орталық сайлау комиссиясының қолдаухаты бойынша, қолданылып отырған төтенше жағдай кезінде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бесінші сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты өзінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5 қаулысын түсіндіру туралы қосымша қаулы қабылдады.

Ү.ж. 06 қантар. Конституциялық Кеңес Орталық сайлау комиссиясының өтінішін бойынша «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5 Қаулысысын қосымша түсіндіру туралы» Қосымша қаулысын жариялады.

Ү.ж. 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Конституциялық заңдылық – құқықтық мемлекеттің және тұлға еркіндігінің негізі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007