Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Құрамы Жаңалықтар
 
• Қазіргі құрамы

РОГОВ
Игорь Иванович

Конституциялық Кеңестің Төрағасы

1950 жылы 17 мамырда Баку қаласында туған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы ағаш өңдеу комбинатының станокшысы болып бастаған. Университетті бітіргеннен кейін Алматы қаласы Әуезов АІІБ-нің тергеушісі болып жұмыс істеді, кейін 15 жыл бойы оқытушылық қызметпен айналысты. Президент және Министрлер Кабинеті Аппаратының аға референті, консультанты, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. Конституциялық сот төрағасының орынбасары, Мемлекет басшысының көмекшісі, кеңесшісі, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы, Әділет министрі болып тағайындалды. Соңғы кезде - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары-мемлекеттік-құқық басқармасының бастығы.

Заң ғылымдарының докторы, профессор.

Заң саласындағы бірқатар ғылыми еңбектердің авторы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. "Парасат" орденінің иегері, "Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл", "Тыңға 50 жыл", "Астана" медальдарымен наградталған

2004 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.



2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.

2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.

2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007