«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі». Н. Назарбаев
1952 жылғы 20 наурызда Көкшетау облысы Володар ауданының Карловка селосында туған.
1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Еңбек жолын "Алматыжилстрой" трестіне қарасты №20 Құрылыс-монтаж басқармасында құрылысшы болып бастаған. Университетті бітірген соң Алматы облысы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Қасқелең ауданы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1980 жылы Қазақ КСР-і Прокуратурасы жалпы қадағалау бөлімінің прокуроры, ал 1983 жылы Қазақ КСР-і Прокуратурасы заңдардың көлікте орындалуын қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры болып тағайындалды. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1984 жылы Қазақ КСР-і Прокуратурасы заңдардың көлікте орындалуын қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры болып тағайындалды.
1988-1992 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Прокуратурасы жалпы қадағалау бөлімінің бастығы. Соңыра Қостанай облысының прокуроры болып тағайындалды.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1994 жылы Джорджтаун университетінің жанындағы Халықаралық құқық институтында стажировкадан өтті, Вашингтон, АҚШ.
1994-1996 ж.ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңдылықты, құқық тәртібін және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді. 1996 жылы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Азаматтық және рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары-сектор меңгерушісі.
2001-2002 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі лауазымында болды. Содан соң Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық басқармасының Сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің бас инспекторы болып қызмет істеді.
Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрметті қызметкері. "Әділет аға кеңесшісі" сыныптық шенінің және Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатының иегері. «Парасат» орденімен және «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астана», «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталды.
2005 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.
2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.
2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.