Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Құрамы Жаңалықтар
 
• Қазіргі құрамы

Ілияс Жақыпбекұлы
БАҚТЫБАЕВ

1948 жылғы 1 тамызда Алматы облысы Талғар ауданының Қызыл ту-3 ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын ауылдық мектепте лаборант ретінде бастады. 1968 жылдан 1971 жылға дейін Талғар ауданының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің нұсқаушысы, жаттықтырушысы, жұмысшы болып қызмет атқарды.

Университетті бітіргеннен кейін, 1977 жылғы қыркүйектен 1982 жылғы маусымға дейін Алматы қаласы Әуезов аудандық прокуратурасында прокурордың көмекшісі, аға тергеуші болып жұмыс істеді. 1982 жылғы маусымнан 1984 жылғы желтоқсанға дейін – Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының халық судьясы. 1985 жылғы қаңтардан 1988 жылғы ақпанға дейінгі кезең ішінде Алматы қаласы Москва ауданы прокурорының орынбасары, одан соң 1990 жылғы қыркүйекке дейін – Алматы қаласы Фрунзе ауданының прокуроры болып қызмет атқарды. 1990 жылғы қыркүйектен 1991 жылғы сәуірге дейін – Қазақ КСР Президенті Аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің консультанты, мемлекеттік-құқықтық референтурасының аға референті.

1991 жылғы сәуірден қазан айына дейін – Алматы қаласы прокурорының орынбасары. 1991 жылғы қазаннан 1994 жылғы наурызға дейін – Алматы облысының прокуроры. 1994 жылғы наурызда ҚР Бас Прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болып тағайындалды. Қостанай облысының прокуроры (1997- 2000 жж.), Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры (2000- 2003 жж.) лауазымдарында болды. 2003 жылғы наурыздан 2008 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары лауазымында болды. 2008 жылғы 5 наурызда Парламент Мәжілісінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бар, Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері. Заң ғылымының кандидаты.

«Құрмет» орденімен, «Астана» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальдермен марапатталған.



2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.

2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.

2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007