Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Құрамы Жаңалықтар
 
• Бұрынғы құрамы

АКУЕВ
Николай Ильич

1941 жылы Ресей Федерациясының Қорған облысында туған.

1963 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Университетті бітіргеннен кейін заң пәндерінің оқытушысы, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Философия және құқық институтының ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі, ғылыми хатшысы болып қызмет істеген.

1990 жылғы сәуірде Қазақ КСР-інің 12-шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты, комитет төрағасы болып, ал 1994 жылы - Қазақстан Республикасының 13-шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты және кіші комитетінің төрағасы болып сайланды. 1996-2002 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

Төрт ұжымдық монографияның тең авторы, мемлекет және құқық мәселелері бойынша отыздан астам ғылыми мақалалардың авторы болып табылады. Заң ғылымының кандидаты, "Тұран" университетінің профессоры. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" деген құрметті атаққа ие.



2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.

2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.

2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007