Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Құрамы Жаңалықтар
 
• Бұрынғы құрамы

КОТОВ
Анатолий Константинович
(1955-2006 ж.ж.)

1955 жылғы 15 шілдеде Мәскеу қаласында туған.

1977 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Заң ғылымының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1977 жылғы қыркүйекте Қазақ КСР-і Әділет министрлігінің аға консультанты болып бастаған. Кейін ішкі істер органдарында қызмет еткен, офицер. 1988-1994 жылдары Республиканың Ғылым академиясында жұмыс істеген. Ғылыми қызметкерден Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның Мемлекет және құқық институтының бөлім меңгерушісіне дейінгі жолдан өткен.

1994 жылы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы Қазақ мемлекеттік заң институтының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.

1995 жылы - Конституцияның жобасы жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сарапшылық-консультативтік кеңестің мүшесі.

1996 жылы - Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы, Сенаттың Заңдар және сот-құқықтық реформа жөніндегі тұрақты комитетінің хатшысы.

А.К.Котов мемлекет теориясы және конституциялық құқық саласында жарық көрген бірқатар еңбектердің авторы. Бірнеше оқулықтар мен ұжымдық монографияларды бірлесіп жазысқан.

Заң ғылымының докторы, профессор.

1999 жылғы 1 сәуірде Республика Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.



2010 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері А.Нұрмағамбетов және Ү.Стамқұлов «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15-жылдығын мерекелеуге арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ү.ж. 27-28 тамызда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ү.ж. 20 тамызда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» атты көркем суретті пошта маркасын салтанатты өшіру рәсімі өтті.

2010 жылғы 13 тамызда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Арифоглы Гашимовты қабылдады.

2010 жылғы 22 шілдеде Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі Консультативтік кеңесінің екінші отырысына қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007