kazruseng
Конституциялық Кеңестің бұдан бұрынғы құрамы

















ХИТРИН
Юрий Александрович
(1946 - 2004 ж.ж.)

Конституциялық Кеңестің Төрағасы


1946 жылғы 24 тамызда Алматы қаласында туған.
1970 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1969-1980 жылдары стажер, аудандық прокуратураның тергеушісі, Республика Прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, Алматы қаласы прокуратурасының тергеу бөлімі бастығы, Қазақ КСР-і Прокуратурасының тергеу басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
1980-1987 жылдары Целиноград облысының прокуроры болды, 1987-1990 жылдары КСР Одағы Прокуратурасында еңбекпен түзеу мекемелерінде заңдардың сақталуын қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы болып істеді, КСРО Прокуратурасының алқа мүшесі болды.
1990 жылы Қазақ КСР-і Прокурорының бірінші орынбасары және Қазақ КСР-і Прокуратурасының алқа мүшесі болып тағайындалды.
1990-1992 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқық мәселелері жөніндегі мемлекеттік кеңесшісі болып істеді.
1992-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары – Бас әскери прокурор, 1997 жылғы қарашадан – Бас прокурор болды.
1997 жылдан бері Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі. 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі деген сыныптық шені, әділет генерал-лейтенанты деген әскери атағы және “Қазақстан Прокуратурасының құрметті қызметкері” деген атағы бар.
2000 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.

КИМ
Юрий Алексеевич
(1940 - 2000 ж.ж.)

Конституциялық Кеңестің Төрағасы


Талдықорған облысында туған.
1966 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Ішкі істер органдарының тергеушісі, Алматы қаласында халық судьясы болып қызмет істеген. 15 жыл бойы әділет органдарында қалалық әділет бөлімі бастығының орынбасарынан Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірінші орынбасары қызметіне дейінгі лауазымдарда болған.
1994 жылы 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты және комитет төрағасы болып сайланған.
1995 жылы – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы.
1996 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалған.
Заң саласындағы бірқатар ғылыми мақалалардың авторы.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері.

АКУЕВ
Николай Ильич


1941 жылы Ресей Федерациясының Қорған облысында туған.
1963 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Университетті бітіргеннен кейін заң пәндерінің оқытушысы, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Философия және құқық институтының ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі, ғылыми хатшысы болып қызмет істеген.
1990 жылғы сәуірде Қазақ КСР-інің 12-шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты, комитет төрағасы болып, ал 1994 жылы – Қазақстан Республикасының 13-шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты және кіші комитетінің төрағасы болып сайланды. 1996-2002 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.
Төрт ұжымдық монографияның тең авторы, мемлекет және құқық мәселелері бойынша отыздан астам ғылыми мақалалардың авторы болып табылады. Заң ғылымының кандидаты, “Тұран” университетінің профессоры. “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері” деген құрметті атаққа ие.

БҰСЫРМАНОВ
Жұмабек Дүйсешұлы


1950 жылы Павлодар облысында туған.
1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, доценті, проректоры (1976-1992 ж.ж.); Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының бөлім консультанты (1993-1994 ж.ж.) болып жұмыс істеген.
1994 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, хатшылық меңгерушісі;
03.1998 жылдан 02.2002 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.
Мемлекет және құқық теориясы саласындағы ғылыми мақалалардың авторы. Заң ғылымының кандидаты, доцент.

МАМОНОВ
Владимир Васильевич
(1938 - 2001 ж.ж.)


1938 жылы Ресей Федерациясының Тамбов облысында туған.
1967 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Ішкі істер органдарының тергеушісі болып жұмыс істеген, кейін 25 жыл бойы ұстаздық қызметте болған.
Конституциялық Кеңестің мүшесі болып тағайындалғанға дейін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған.
02.1996 жылдан 04.1999 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.
Конституциялық және әкімшілік құқықтың өзекті проблемалары бойынша жарық көрген 60-тан астам ғылым еңбектің авторы. Заң ғылымының кандидаты, доцент. “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері” деген құрметті атақ берілген.

СӘБИКЕНОВ
Салахиден Нұрсарыұлы


1939 жылы Гурьев облысында туған.
1964 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Ішкі істер органдарында қызмет еткен.
1966 жылдан ұстаздық және ғылыми жұмыста. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің аға оқытушысынан бастықтың орынбасарына дейінгі жолдан өтті, кейіннен Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары мектебі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.
02.1996 жылдан 02.1998 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.
Мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқықтың өзекті проблемалары бойынша бес монография мен 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы.
Заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті.

ТЕМІРБОЛАТОВ
Серік Ғабдоллаұлы


1954 жылы Қарағанды қаласында туған.
1979 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 11 жыл бойы прокуратура органдарында, тергеуші лауазымынан бастап, Қарағанды облысы көлік прокурорының көмекшісінен Республика Прокуратурасының бөлім бастығына дейін қызмет атқарған.
1990 жылдан бастап, Конституциялық Кеңестің мүшесі болып тағайындалғанға дейін, Республика Президенті Аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы әділет министрінің орынбасары және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарған.
Мемлекет және құқық мәселелері бойынша бірнеше мақалалардың авторы.
02.1996 жылдан 04.1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

ШОПИН
Виталий Дмитриевич


1940 жылы Ресей Федерациясының Белгород облысында туған.
1972 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 18 жыл бойы ұстаздық қызметте болған. Ассистенттен бастап кафедра меңгерушісі, заң факультетінің деканына дейінгі жолдан өткен.
1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Аппаратының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Конституциялық Кеңестің мүшесі болып тағайындалғанға дейін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің “Мемлекет және құқық” бағдарламасының жетекшісі болып жұмыс істеген.
02.1996 жылдан 02.2002 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.
Мемлекет және құқық проблемалары бойынша бірнеше ғылыми мақаланың авторы. Заң ғылымының кандидаты, доцент. “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері” деген құрметті атаққа ие.

ЫҚСАНОВ
Ордағали Қажығалиұлы


1938 жылы Батыс Қазақстан облысында туған.
1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Оны бітіргеннен кейін Алматы облыстық сотының судьясы болып қызмет істеді.
1965-1967 ж.ж. Алматы арнаулы милиция мектебінің кафедра бастығы болып жұмыс істеді.
1967-1992 ж.ж. – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінің оқытушысы, доценті, кешкі-сырттай оқу факультетінің деканы.
1992-1995 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы.
1995-1996 ж.ж. – Қазақ мемлекеттік заң институтының проректоры.
02.1996-04.1999 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.
Құқық проблемалары бойынша 70-тен астам ғылыми мақаланың авторы.
Заң ғылымының кандидаты, доцент. “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері” деген атаққа ие.
 
артқа   жоғарыға   негізгі үйге