kazruseng
Нормативтік-құқықтық база

















Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің регламенті

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 ж. 19 сәуірдегі № I қаулысымен бекітілді

І-тарау
Конституциялық іс жүргізуді қозғаудың және қарауға берілетін материалдарды дайындаудың тәртібі

І-бап. Конституциялық іс жүргізуді қозғау негіздері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабында аталған субъектілердің өтініші конституциялық іс жүргізуді қозғауға себеп болып табылады. Өтініш екі тілде (мемлекеттік және орыс) және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығы 22-бабының талаптарына сәйкес рәсімделуге тиіс.

2-бап. Өтініштерді тіркеу
Келіп түскен өтініштер белгіленген тәртіппен Конституциялық Кеңес аппаратының жалпы бөліміндс тіркеледі. Өтініш қай күні сағат 15-00-ге дейін Кеңеске келіп түссе, сол өтініштің түскеы күні болып есептеледі.
Жоғарыда аталған Жарлықтың 22-бабы талаптарын бұза отырып Кеңеске түскен өтініштерді, Кеңес аппаратының жалпы бөлімі тіркеу рәсімінсіз өтініш субъектілеріне кері қайтарады.
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Конституциялық Кеңеске ведомстволық қарасты мәселелер бойынша өтініштері Конституциялық Кеңестің Төрағасына беріледі, Төраға олардың одан арғы қозғалысын белгілейді. Төраға Кеңес мүшелерінің біріне келіп түскен өтініш бойынша ұсыныс дайындауды тапсырады.

3-бап. Өтінішті іс жүргізуге қабылдау немесс қабылдаудан бас тарту
Конституциялық Кеңестің Төрағасы түскен өтінішті Кеңестің қарауына енгізеді, оның отырысы, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өтініш түскен күннен бастап үш күн ішінде өткізіледі. Конституциялық Кеңес, өтінішті зерделеп және Кеңес мүшесінің ұсынысын тыңдап, іс жүргізуге қабылдайды немесе қабылдаудан бас тартып, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 25-бабында көзделген негіздер бойынша оны кері қайтарады.

4-бап. Материалдарды дайындау тәртібі және Конституциялық Кеңестің оны қарау мерзімі
Конституциялық Кеңестің Төрағасы өз өкімімен Конституциялық Кеңестің отырысына материал дайындауды жүзеге асыру үшін Конституциялық Кеңестің мүшесін белгілейді. Кеңестің мүшесін баяндамашы етіп тағайындау туралы Төрағаның өкімі, Кеңестің мүшесі өтінішті алған күні шығарылады. Келіп түскен өтініштің ерекше күрделілігіне не оның аса маңыздылығына, жедел түрде дайындалуы керектігіне қарай, материалдарды дайындау Конституциялық Кеңестің бірнеше мүшесіне тапсырылуы мүмкін. Өзара байланысты бірнеше өтініш келіп түскен жағдайда Конституциялық Кеңес оларды бір конституциялық іс жүргізуге біріктіру туралы шешім қабылдай алады. Өзара байланысты бірнеше өтінішті іс жүргізугс қабылдау туралы мәселені шешер кезде, олардың бірі Конституциялық Кеңеске, ал басқалары - өзге мемлекеттік органдарға ведомстволық қарасты болса, Конституциялық Кеңестің өкілеттігіне жататын өтініштер ғана қаралады.
Конституциялық Кеңестің мүшесі, Төраға белгілеген мерзім ішінде, іс жүргізуге қабылданған өтініш бойынша материалдарды Констптуциялық Кеңестің отырысында қарау үшін дайындауға міндетті, бұл үшін ол:
1. Конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды белгілейді, оларға «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 21-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
2. Тиісті органдарға немесе лауазымды адамдарға, Конституциялық Кеңестің Төрағасы немесе Конституциялық Кеңестің мүшесі қол қойған, сұрау салу арқылы өтініштің мәніне қатысты қажетті құжаттар мен басқа да ақпаратты талап етіп алады.
3. Қажет болған жағдайда тиісті лауазымды адамдардан түсініктеме алады, мамандарды, сарапшыларды тартып, зерттеу, сараптау жүргізуді тапсырады.
4. Кеңес аппараты бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлеріне қажетті анықтама-ақпараттық материалдар және қорытынды беруді тапсырады.
5. Отырыс басталардан кем дегенде екі күн бұрын материалдардың көшірмесі Конституциялық Кеңестің мүшелеріне берілуін қамтамасыз етеді. Конституциялық Кеңес шешімінің жобасын әзірлейді. Шешімнің жобасы бойынша өздерінің ескертулерін Кеңес мүшелері баяндамашыға жазбаша түрде береді.
Конституциялық Кеңес іс жүргізуге қабылданған өтінішті қарап, өтініш түскен күннен бастап бір айдың ішінде ол бойынша қорытынды шешім шығарады. Егер мәселені кейінге қалдыруға болмайтын болса, Қазақстан Республикасы Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылады.

5-бап. Сараптау жұмысын тағайындау
Материалдарды дайындайтын Кеңес мүшесі, материалдарды дайындау және оларды Конституциялық Кеңестің отырысында қарау барысында, тиісті ғылыми мекемелерге немесе нақты мамандарға тапсырма бере отырып, ұйғарым шығару арқылы сараптау жұмысын тағайындайды, бұл ұйғарымда сарапшыларға қойылатын сұрақтар тұжырымдалып, сараптау жұмысының қорытындысын тапсыру мерзімі белгіленеді. Ұйғарыммен бірге сарапшылардың қолына сараптама жүргізу үшін қажетті барлық құжаттар беріледі. Қарауға берілетін материалдарды дайындау кезінде Конституциялық Кеңестің мүшесі консультация беру үшін мамандар шақыруға хақылы. Маманның қорытындысы жеке құжат түрінде баяндалып, оған ол қол қояды.

6-бап. Конституциялық іс жүргізуді тоқтату
Конституциялық іс жүргізу, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 30-бабында көзделген негіздер болған жағдайда, қорытынды шешім шығарылғанға дейін оның кез келген сатысында тоқтатылуға тиіс.
Конституциялық Кеңестің берілген өтініш бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі, дәл осы негіздер бойынша Конституциялық Кеңеске қайтара жүгінуге мүмкіндік бермейді.

II-тарау.
Өтініштерді Конституциялық Кеңестің отырыстарында қарау тәртібі

7-бап. Конституциялық Кеңестің отырыс залы
Конституциялық Кеңестің отырыстары осы мақсатта арнайы бөлінген, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 44-бабы 2-тармағына сәйкес рәсімделген бөлмеде өткізіледі.
Конституциялық Кеңес құрамының, конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың және шақырылған адамдардың орналасу тәртібін Конституциялық Кеңестің Төрағасы белгілейді.

8-бап. Конституциялық Кеңестің отырысы
Қарауға берілетін материалдар дайындалып болғаннан кейін, Конституциялық Кеңестің Төрағасы, ал Төраға болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы Кеңес мүшесі өз өкімімен Конституциялық Кеңес отырысының өткізілу күнін белгілейді.
Конституциялық Кеңес жабық отырыс өткізу туралы шешім қабылдағаннан басқа жағдайларда, өтініш материалдары ашық отырыста қаралады.
Кеңес Төрағасының шешімі бойынша, Конституциялық Кеңестің отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

9-бап. Конституциялық Кеңестің отырысын кейінге қалдыру
Конституциялық Кеңестің отырысы мына жағдайларда кейінге қалдырылады:
1. Өтінішті қарау үшін қажетті кворум болмағанда.
2. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың бірі, Кеңес келуі қажет дсп тапқан сарапшылар, мамандар келмегенде.
3. Егер өтінішті қарау үшін айтарлықтай маңызға ие болса, талап етілген материалдар берілмегенде.
4. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың бірінің немесе оның өкілінің, тараптардың бірі берген материалдарды қосымша зерделеу үшін берген өтініпі бойынша.
5. Өтінішті белгіленген уақытта қарауға кедергі болатын өзге де жағдайлар туындаған жағдайда.

10-бап. Конституциялық Кеңес мүшесінің бас тартуы және оны шешудің тәртібі
Егер, Конституциялық Кеңес қарап жатқан мәселеге тікелей жеке немесе жанама түрде мүдделі болуына байланысты, әділсттілігінс күмән келтірілуі мүмкін болса, онда Конституциялық Кеңестің Төрағасы немесе мүшесі бұл мәселені қараудан бас тартуға міндетті, оны Конституциялық Кеңес қанағаттандыруға тиіс.
Кеңес отырысында Конституциялық Кеңестің Төрағасы немесе мүшесі бұл мәселені қараудан бас тартатындығын мәлімдеген жағдайда, оған анықтау мақсатында сұрақтар қойылады. Бас тарту, ол жөнінде мәлімдеме жасаған адамның қатысуынсыз, кеңесу бөлмесінде қаралады. Бас тарту жөніндегі мәлімдемені қанағаттандыру немесе қабылдамау туралы шешім, жан-жақты талқылаудан соң Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Бас тарту қанағаттандырылған жағдайда, қажетті кворум болса, өтінішті қарау одан әрі жалғастырылады.

11-бап. Конституциялық Кеңестің отырысын хаттамаға түсіру
Конституциялық Кеңестің отырыстары хаттамаға және қажеттілігіне қарай стенограммаға түсіріледі. Егер отырыста стенограммаға түсіру жүргізілген болса, онда Кеңес отырысының хаттамасы стенограмманың мәтіні негізінде жасалады. Егер отырыс кезінде дыбыс, бейне жазылып, суретке түсірілген болса, онда фонограмма, бейнетаспа, кинотаспа Кеңес отырысының хаттамасына қосып қойылады да, ол жөнінде хаттамада тиісті белгі соғылады. Отырыстың хаттамасын Конституциялық Кеңес аппараты жалпы бөлімінің қызметкерлері жүргізеді. Хаттаманы жүргізетін адам, болған отырыстан кейін 7 күн ішінде хаттаманы осы іс жүргізу бойынша баяндамашыға береді. Кеңес мүшесі - баяндамашы хаттамаға бұрыштама қойып, оның шынайылылығына жеке жауап береді.
Конституциялық Кеңес отырысының хаттамаларына Конституциялық Кеңестің Төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, Төрағаның міндетін атқарушы Кеңес мүшесі қол қояды.
Кеңес отырысының хаттамалары мен қаулыларына өтініштердің бір күнтізбелік жыл шеңберіндегі реттік нөмірлері беріледі.
Кеңес отырысының хаттамалары тиісті конституциялық іс жүргізу материалдарына қосып қойылады.

12-бап. Конституциялык Кеңестің отырысына қатысушылардың өзін-өзі ұстау ережесі
Отырыс залына келгсн адамдар мен бұқаралық ақпарат қүралдарының өкілдсрі, Конституциялық Кеңеске, конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға, олардың өкілдеріне және бір-біріне қатысты өздерін әдепті ұстауға, отырыс кезінде залда әрі-бері жүрмеуге, Кеңестің және отырысқа қатысушылардың, сарапшылардың. мамандардың атына сөз қыстырмауға, өтіп жатқан отырысты құптайтынын немесе құптамайтынын кез келген бір нысанда білдіру арқылы, қальшты отырыс барысына қандай да болсын араласуға жол бермеуге міндетті.
Қатысушылар Кеңес отырысының өткізілу тәртібін бұзган жағдайда, төрағалық етуші тәртіп бұзған адамға ескерту жасайды, ал екінші қайтара тәртіп бұзылған жағдайда ол адамға Конституциялық Кеңестің отырыс залынан шығып кету ұсынылады.

13-бап. Кеңестің отырысын ашу
Конституциялық Кеңес өтініштерді өзінің отырысында Конституциялық Кеңес Төрағасының, ал ол болмаған жағдайда - Конституциялық Кеңес мүшелерінің ішінен Төраға тағайындаған бірінің төрағалық етуімен қарайды.
Отырысты өткізу үшін белгіленген уақытта отырыс залына Конституциялық Кеңестің мүшелері кіріп, өздерінің орындарына отырады. Төрағалық етуші Конституциялық Кеңестің отырысын өткізу үшін адам санының жеткілікті екендігіне, хаттамаға түсіру қамтамасыз етілгендігіне көз жеткізіп, отырысты ашық деп жариялайды. Содан кейін Төрағалық етуші қаралатын мәселелерді оқып шығып, отырысқа қатысуға шақырылғандардың, мамандардың, сарапшылардың бар-жоқтығы, егер жоқ болса, келмеу себебі туралы хабарлау үшін Конституциялық Кеңестің мүшесіне - баяндамашыға сөз береді.

14-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру
Төрағалық етуші конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, отырысқа қатысушылардың өтініштері бар-жоғын сұрап алып, оларды Конституциялық Кеңестің шешуіне қояды.
Өтініш субъектілері, сондай-ақ актілері мен әрекеттерінің конституциялылығы тексеріліп жатқан мемлекеттік органдардың өкілдері және лауазымды адамдар, өз еркімен не, қажет болған жағдайда, Конституциялық Кеңестің талабы бойынша, Конституциялық Кеңестің іс жүргізуге қабылданған өтініш қаралатын отырысына қатысуына болады. Қажет болған жағдайда конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың, сарапшылардың, мамандар мен өзге де шақырылған адамдардың түсініктемелері мен сөздері тыңдалады.

15-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың өтініштері мен тілектері
Төрағалық етуші мәселені қарау басталғанға дейін оның мән-жайы бойынша өтініш субъектілерінен, олардың өкілдерінен, сарапшылардан, отырыстың басқа да қатысушыларынан, оларда қосымша материалдар талап ету және өтінішті қарауға жаңадан сарапшылар, мамандар жіберу туралы өтініш-тілектері бар-жоғын сұрайды. Мұндай өтініштер жазбаша түрде түскен жағдайда олар Кеңестің отырысында оқылып, қаралатын істің материалдарына қосып қойылады, ауызша өтініш Кеңес отырысының хаттамасына енгізіледі.
Солардың өтініші бойынша конституциялық іс қозғалған конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылданатын отырысы басталғанға дейін өтініштің негізін өзгертуге, оның көлемін ұлғайтуға немесе азайтуға, өтініштен бас тартуға хақылы. Конституциялық іс жүргізуге тартылған қатысушылар, өз актілерінің немесе әрекеттерінің конституциялылығы туралы дау-таласқа байланысты, өтініште мәлімделген талаптарды толығымен немесе ішінара мойындауға, не болмаса оған қарсылық білдіруге хақылы.

16-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар өкілдерінің өкілеттігі
Өкілдің өкілеттігі заңға сәйкес рәсімделіп берілген сенімхатпен, немесе тиісті ұйымның осы өтініш бойынша өкілдікті жүзеге асыруға тапсырма бергендігін растайтын өзге бір құжатпен білдірілуге тиіс.

17-бап. Конституциялық Кеңестің мүшесі - баяндамашының сөйлейтін сөзі
Әрбір мәселені қарау Конституциялық Кеңестің мүшесі - баяндамашының сөйлейтін сөзімен басталады, ол мәселенің мән-жайын, оны қараудың негізі мен себебін, қолда бар материалдардың мазмұнын баяндап береді. Конституциялық Кеңестің мүшелері оған нақтылау үшін сұрақтар беруге хақылы.

18-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың Конституциялық Кеңес отырысында сөйлейтін сөзі
Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар және олардың өкілдері қаральш жатқан мәселенің мән-жайына байланысты өз қалауы бойынша Конституциялық Кеңестің отырысында сөз сөйлей алады. Бұл орайда, өзінің лауазымы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың мүддесін жақтайтын адамдар, сондай-ақ, егер мұндай құқық сенімхатта көрсетілген болса, Конституциялық Кеңестің отырысында сенімхат бойынша сөз сөйлейтін өкілдер, қаралып жатқан мәселе бойынша өз ұстанымын Кеңес отырысының барысында мәселені қарау нәтижесінс қарай түзетугс хақылы.
Кеңес мүшелері конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға нақтылау үшін сұрақтар қоюға хақылы. Солардың өтініші бойынша конституциялық іс жүргізу қозғалған қатысушылар, және солардың актілері бойынша іс жүргізу қозғалған қатысушылар, бір-біріне сұрақ қоюы мүмкін.

19-бап. Конституциялық Кеңес отырысында материалдарды қараудың қайта басталуы
Егер Конституциялық Кеңес, кеңесу бөлмесінде өтініштің дүрыс шешілуі үшін айтарлықтай маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа құжаттар мен материалдарды зерделеу қажет деп тапса, материалдар қарауды қайтадан бастауы мүмкін.

20-бап. Конституциялық Кеңестің отырысында қарауға жатпайтын мәселелер
Конституциялық Кеңестің отырысында тек өтініште мәлімделген мәселелер ғана қаралады.
Рәсімдік, ұйымдастыру-басқарушылық сипаттағы мәселелерді, материал дайындау барысында Кеңестің отырысына материал дайындаушы Конституциялық Кеңестің мүшесі, ал қажет болған жағдайда - Кеңестің Төрағасы немесе оның міндетін атқарушы Кеңес мүшесі қарайды.

III-тарау
Конституциялық Кеңестің шешім қабылдауы

21-бап. Шешім қабылдау рәсімі
Конституциялық Кеңес шешімді алқалы түрде өз мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен, ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестің ең болмағанда бір мүшесі талап ететін болса - жабық дауыс беру арқылы қабылдайды.
Конституциялық Кеңес мүшелерінің кеңесуі және қаралып жатқан мәселе бойынша дауыс беруі төрағалық етушінің басшылығымен кеңесу бөлмесінде өткізіледі.
Конституциялық Кеңестің отырысы жүріп жатқан кезде, оның отырысына қатысушы мүшелердің ешқайсысы қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақылы емес.
Шешім қабылдар кезде Конституциялық Кеңес мүшелерінің даусы тепе-тең екіге бөлінген жағдайда, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешуші дауыс болып табылады, ол өз дауысын барлық жағдайда ең соңында береді. Конституциялық Кеңес Төрағасының өкілеттік беруі бойынша, Конституциялық Кеңестің тиісті мүшесі оның орнын басқан кезде бұл ережені қолданбайды. Бұл жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе бастапқы дауыс беруге қатыспаған мүшесінің қатысуымен дауыс беру қайта өткізіледі.
Конституциялық Кеңес қабылдаған шешімдерге алдын-ала, Төраға қол қойғанға дейін, дауыс беруге қатысқан Конституциялық Кеңестің мүшелері, соның ішінде қабылданған шешіммен келіспеген мүшелері де қолдарын қояды.

22-бап. Конституциялық Кеңес мүшесінің ерекше пікірі
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімімен келіспеген Конституциялық Кеңестің мүшесі өз пікірін жазбаша түрде білдіруге хақылы, ол пікір осы өтінішті қарауға қатысты материалдарға қосып қойылады.

23-бап. Жасырын дауыс беру
Жасырын дауыс беру және оның нәтижесін анықтау үшін Конституциялық Кеңес өз құрамынан есептеу комиссиясын сайлайды.
Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді есептеу комиссиясы өзі белгілеген нысанда әзірлейді.
Жасырын дауыс берудің нәтижелері туралы есептеу комиссиясы хаттама жасап, оған комиссия мүшелері қол қояды және Кеңес оны Конституциялық Кеңестің материалдарын қарауға қатысып отырған мүшелер санының көпшілік даусымен бекітеді.

24-бап. Конституциялық Кеңестің шешім шығаруы
Қаралып отырған мәселенің мән-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімі қаулы түрінде қабылданады.
Конституциялық Кеңестің қаулысын төрағалық етуші Конституциялық Кеңес мүшелерінің және Кеңес отырысына қатысушылардың алдында жариялайды.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімінің мазмұны «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 37-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешім қабылдауы заңды және жеке тұлғалар үшін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 1 және 2-тармақтарымен, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 39-бабымен көзделген заңды салдарға әкеп соқтырады.
Қорытынды шешімде оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататындығы көзделуі мүмкін.

25-бап. Конституциялық Кеңес шешімінің күшіне енуі
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
Басқа шешімдердің күшіне ену тәртібін Конституциялық Кеңес нақты өтініш бойынша қабылдаған құжатта белгілейді.

26-бап. Конституциялық Кеңестің қаулысына қарсылықты қарау
Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Кеңестің қаулысына толығымен немесе бір бөлігіне келіп түскен қарсылығы, конституциялық іс жүргізуге қатысушыларсыз, қарсылық келіп түскен сәттен бастап бес күннен кешіктірілмей Конституциялық Кеңестің жабық отырысында қаралады.
Егер Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қаулыны жақтап дауыс берсе, онда қаулы расталды деп есептеледі. Сол өтініш бойынша шешімге Президент қарсылығы білдірілген өтінішті қарауға қатыспаған Кеңес мүшелері де дауыс беруге қатысуға хақылы, бұл орайда, өтініш материалдарымен танысып шығу үшін оларға екі күн берілуге тиіс.
Республика Президентінің қарсылығы Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен еңсерілмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестің қаулысы қабылданбады деп есептеледі және конституциялық іс жүргізу тоқтатылады.

27-бап. Конституциялық Кеңестің қосымша шешімі
Конституциялық Кеңес өз бастамасы бойынша, конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың, шешімді орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініші бойынша, егер:
1) Конституциялық Кеңестің шешімін түсіндіріп беру туралы мәселе қойылса;
2) Конституциялық Кеңестің шешімінде жіберілген редакциялық сипаттағы жаңсақтық пен қателікті түзету қажет болса, қосымша шешім қабылдайды.
Қосымша шешім Конституциялық Кеңестің бастапқы шешімінің шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиіс.
Кеңес Төрағасы, қосымша шешім қабылдау жөнінде өтініш келіп түскен жағдайда, Кеңес мүшесіне осы өтініш бойынша үш күн ішінде ұсыныс әзірлеуді тапсырады, ол ұсыныс Конституциялық Кеңестің отырысында қаралады. Конституциялық Кеңестің қосымша шешімін шығару қажет деп табылған жағдайда, Кеңес Төрағасы өз өкімімен осы аталған шешімді қабылдау жөнінде Конституциялық Кеңестің отырысы өткізілетін күнді белгілейді.
Қосымша шешімді Конституциялық Кеңес бір ай ішінде өзінің отырысында қабылдайды, оны өткізудің тәртібі осы Регламенттің 21-бабымен белгіленеді.

28-бап. Конституциялық Кеңестің шешімін қайта қарау
Конституциялық Кеңес, егер:
1) шешім қабылдануына негіз болған Конституция нормасы өзгерді деп тапса;
2) шешім қабылдар сәтте Конституциялық Кеңеске белгісіз болған, өтініш нысаны үшін айтарлықтай маңызы бар мән-жайлар ашылды деп тапса, шешімді өз бастамасымен қайта қарайды.
Конституциялық Кеңес шешімді қайта қарау туралы қаулы шығарып, сол арқылы бастапқы шешімнің күшін жояды.
Қорытынды шешімді қайта қарау қажет болған жағдайда, Конституциялық Кеңестің Төрағасы өз өкімімен осы мәселе бойынша жаңадан отырыс өткізудің күні мен тәртібін белгілейді.

29-бап. Конституциялық Кеңестің шешімдерін жан-жаққа жіберу және жариялау тәртібі
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері (қаулылары) қабылданғаннан кейін екі күн ішінде Конституцияның 72-бабымен көзделген субъектілерге немесе олардың өкілдеріне, сондай-ақ барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламенті Палаталарына, Жоғарғы Сотына, Бас прокурорына, Әділет министріне жіберіледі.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Басқа шешімдер қабылданғаннан кейін бес күннен кешіктірілмей тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жіберіледі және қажет болған жағдайда қазақ және орыс тілдерінде ресми басылымдарда жарияланады.
Конституциялық Кеңестің қосымша шешімдері Конституциялық Кеңес белгілеген тәртіппен жан-жаққа жіберіліп, жарияланады.

30-бап. Конституциялық Кеңестің шешімдерін орындау
Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдердің орындалу тәртібін белгілейді. Тиісті органдар мен лауазымды адамдар Конституциялық Кеңес белгілеген мерзімде шешімдерді орындау бойынша қабылданған шаралар туралы Конституциялық Кеңеске хабарлайды. Конституциялық Кеңес қабылдаған шешімнің орындалуына бақылау жасау, Кеңес отырысына материалдарды әзірлеген Кеңес мүшесінс жүктеледі.

31-бап. Конституциялық Кеңестің отырысында қаралатын өзге де мәселелер
Конституциялық Кеңестің отырысында:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы мәлімет беру;
2) Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауын талқылау және бекіту;
3) «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 14,15-баптарына сәйкес, Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру және тоқтату;
4) Конституциялық Кеңестің Регламентін бекіту мәселелері қаралады.
Кеңестің отырысында оның Төрағасының бастамасы бойынша Конституциялық Кеңестің өзге де ұйымдық және қызметтік мәселелері қаралуы мүмкін.

32-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесінің өкілеттігін тоқтата тұру не тоқтату туралы мәселені қарау
Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесінің өкілеттігін тоқтата тұру не тоқтату туралы мәселені тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті (Төрағаға қатысты) және Конституциялық Кеңестің Төрағасы (Конституциялық Кеңестің мүшесіне қатысты) қозғайды, бұл туралы оларға жедел түрде хабарланып, осындай мәселенің қойылуына «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 14 және 15-баптарымен көзделген негіздер байқалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, бұл мәселе Конституциялық Кеңестің қарауына енгізіледі.
Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесінің өкілеттігін тоқтата тұру не тоқтату туралы мәселе, өзіне қатысты мәселе қаралып жатқан адамның міндетті түрде қатысуымен, Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан құрамда қаралады. Ол адам дәлелсіз себептермен отырысқа келмей қалған жағдайда, мәселе оның қатысуынсыз қаралады. Мәселені қарау кезінде Конституциялық Кеңес қажетті құжаттарды тексеріп, аталған мәселелерді қарауға негіз болған жағдайлар туралы куәлерді тыңдайды.
Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру не тоқтату туралы шешім Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

33-бап. Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауы
Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауының жобасын Конституциялық Кеңестің мүшелері және аппараттың тиісті бөлімдері дайындайды.
Конституциялық Кеңестің жолдауы Кеңестің отырысында бекітіледі, оған Конституциялық Кеңестің Төрағасы не Төрағаның міндетін атқарып отырған Кеңес мүшесі қол қойып, қабылданғаннан кейін бес күн ішінде Парламентке жіберіледі.

34-бап. Конституциялық Кеңестің Регламентін қабылдау және өзгерту тәртібі
Регламент Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Регламентке өзгерістер мен толықтырулар жоғарыда аталған тәртіппен енгізіледі.
 
артқа   жоғарыға   негізгі үйге