kazruseng
Мақалалар

















Конституциялық Кенестiң аппараты

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты Конституциялық Кеңестің қызметін қамтамасыз ету және оның өкілеттігін жүзеге асыру үшін құрылған. Конституциялық Кеңес қызметінің құқықтық негізін мыналар құрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы” конституциялық заң күші бар Жарлығы; “Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңы; “Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдары Тізілімін және әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санаттары Тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; Конституциялық Кеңестің Регламенті, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты туралы ереже және өзге де нормативтік құқықтық актілер. Міндеттері мен функционалдық уәзипаларына сәйкес Конституциялық Кеңестің аппараты өз жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің аппараттарымен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, Жоғарғы Сот аппаратымен, жергілікті соттармен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасайды.
Конституциялық Кеңестің аппараты Конституциялық Кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпарат-анықтамалық және өзге де қосалқы жұмыс атқарады. Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін Конституциялық Кеңестің аппараты мынадай уәзипаларды іске асырады:
1) конституциялық іс жүргізу нысаны болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттар мен келісімдерге құқықтық талдауды қамтамасыз етеді;
2) Конституциялық Кеңестің отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
3) ақпараттық-талдау жұмысын және ақпарат-анықтамалық материалдар шығаруды қамтамасыз етеді;
4) құжаттамалық басқару процестерін ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды іске асырады;
5) Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
6) Конституциялық Кеңестің құрамын және оның аппаратының қызметкерлерін қаржылық-шаруашылық, материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) халықаралық ұйымдармен және өзге мемлекеттердің әділет органдарымен ынтымақтастық жөніндегі байланысты ұйымдастырады;
8) ұйымдастыру жұмыстарын іске асырады.

Конституциялық Кеңестің аппаратында мынадай құрылымдық бөлімшелер бар:
1) ұйымдастыру жұмысы және сыртқы байланыстар бөлімі;
2) құқықтық бөлім;
3) ақпараттық-талдау бөлімі;
4) жалпы бөлім;
5) қаржы-шаруашылық бөлімі.
 
артқа   жоғарыға   негізгі үйге