kazruseng
Жаналықтар

















  • 2004 жылғы 15 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Александрович Хитрин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып Игорь Иванович Рогов тағайындалды.

  • "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулысы қабылдануына орай, үстіміздегі жылдың 22 сәуірінде Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің брифингі болып өтті.

  • Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде тың игеру ардагерлерін «Тыңға 50 жыл» мерекелік медалдарымен наградтау салтанаты болып өтті. Тың және тыңайған жерлерді игеруге және Республиканың ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуына 50 жыл толуын атап өту мақсатында Қазақстан Респуликасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Қ.Ж.Балтабаев, Конституциялық Кеңес аппаратының бөлім меңгерушілері Г.П.Данилкина және К.Қ.Шариповалар медалмен марапатталды.

  • Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні қарсаңында мемлекетке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Конституциялық Кеңестің мүшесі Амангелді Есенжанов “Парасат” орденімен наградталды.
    А.Есенжановқа “Парасат” орденін тапсыру Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәжіліс залында салтанатты жағдайда өтті. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Ю.Хитрин оны салтанатты жағдайда табыс етті.
    Бұл күні сондай-ақ Конституциялық Кеңестің қызметкерлері М.Х.Берқалиева, А.Қ.Есенғалиева, Б.М.Нұрмұқанов Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің антын қабылдады.


  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мүшелерінің басқа авторлармен бірлесе отырып жазған мынадай кітаптары жарық көрді:
        - Қ.Ж.Балтабаев. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсіндірме. Екі кітапта. 1-кітап (1-174-баптар). – Алматы: “Норма-К” баспасы, 2003;
        - С.Ф.Бычкова. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-іне түсіндірме (ерекше бөлім) – авторлық, Жеті жарғы, 2003ж.
        - А.К.Котов, Д.А.Котов. Правовой реализм и действующее право. Астана: Университет им.Д.А.Кунаева. 2003г.
        - Қ.Ә.Мәми, Қ.Ә.Омарханов. “Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына түсіндірме. Астана: Қазақстан Республикасының заң шығару институы, 2003.
 
артқа   жоғарыға   негізгі үйге