Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
Қазақша     Русский     English
Ошибка 404 Жаңалықтар
 
2007 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңес Төрағасы И.И. Рогов Еуропа комиссияның Қазақстан Республикасындағы, Қырғыз Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысын Адриан Ван Дер Меерді, Еуропа Одағының Орталық Азиядағы арнайы өкілі Пиер Морелді және Еуропа Одағының Орталық Азиядағы арнайы өкілінің саяси Кеңесшісі Виктор Рихтерді қабылдады.

2007 жылғы 12 наурызда Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.В. Белоруков Алматы қаласында Еуропалық Одақтың, Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігінің және Hands Off Cain ұйымының қолдауымен Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Хельсинки Федерациясы және Қылмыстық реформалар мен адам құқықтарына мониторинг жасау комитеті ұйымдастырған «Өлім жазасын жою, бүкіләлемдік мораторий және Халықаралық Қылмыстық Сотқа қосылу: Қазақстан Республикасы ең жоғарғы халықаралық стандарттарды қабылдау бағытында» атты дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 2007 жылғы 23 ақпанда Республика Парламенті бір топ депутаттарының «Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің өтінуі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 8 мамырдағы № 10/2 қаулысына түсіндірме беру туралы өтініші бойынша қосымша қаулы қабылдады.

2007 жылғы 14 ақпанда Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И.Рогов Конституциялық Кеңестің, Республика Премьер-Министрінің Парламент 2006 жылғы 30 қарашада қабылдаған және 2006 жылғы 7 желтоқсанда Республика Президентінің қол қоюына берілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру жөніндегі өтініші бойынша қабылданған қаулысын жария етті.

2007 жылғы 1-4 ақпанда ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Хелсинкилік Федерацияның шақыруы бойынша,) Өлім жазасына қарсы Үшінші Дүниежүзілік конгресс аясында Париж қаласында (Франция өткізілген «Орталық Азия өлім жазасынан азат аймаққа айналуда» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007