Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі
Н. Назарбаев

Талдау бөлімі

1) Конституцияның әлеуетін жүзеге асырудың жай-күйі мен болашағына, Қазақстан Республикасында және шет елдерде конституциялық заңдылықтың сақталуы мен қамтамасыз етілуіне ғылыми зерттеулер мен талдау жүргізеді;

2) шет елдердің конституциялық бақылау органдарының тәжірибесін зерделеу негізінде, тиісті талдау материалдарын дайындауды іске асырады;

3) конституциялық бақылауды іске асыру механизмдерін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) Конституциялық Кеңес Төрағасының, өтінішті қарау жөніндегі баяндамашылар – Кеңес мүшелерінің және Аппарат басшысының тапсырмасы бойынша талдау материалдарын дайындайды;

5) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен, шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен байланысты іске асырады;

6) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді, БАҚ өкілдеріне консультация береді, баспасөз конференцияларын, Конституциялық Кеңестің Төрағасы және мүшелерімен интервьюлер өткізеді, КС Төрағасы және мүшелері үшін ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайджестер және КС-тің қызметі жөнінде мақалалар топтамасын дайындайды, журналистерді Конституциялық Кеңесте аккредитациялаудан өткізеді, Конституциялық Кеңестің ресми сайтына орналастыру үшін материалдар құрастырып, оны сүйемелдеп отырады;

7) Конституциялық Кеңес мүшелерінің құзыретіне жататын құжаттардың жобасын дайындайды және хат-хабар алысады;

8) Конституциялық Кеңес мүшелерінің қызметін қосалқы көмек көрсету, консультативтік және ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді; Төраға мен Аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.