Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі
Н. Назарбаев
Негізгі бет » КК қызметі » Конституциялық Кеңесінің Аппараты » Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі

Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі

1) Конституциялық Кеңестің шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекетін ұйымдастырады;

2) Конституциялық Кеңестің отырыстарын және өзге де іс-шараларын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді, Конституциялық Кеңестің отырыстарын хаттамаға түсіруді, қабылданған шешімдерді көбейтіп, жан-жаққа жіберуді қамтамасыз етеді;

3) компьютерлік және ұйымдастыру техникасын орнатуды және оған сервистік қызмет көрсетуді, Конституциялық Кеңестің ресми web-сайтын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

4) Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшелерінің және Аппарат қызметкерлерінің шетел іссапарларына шығу құжаттары ресімделуін ұйымдастырады;

5) баспасөз конференцияларын, Конституциялық Кеңестің Төрағасы және мүшелерімен интервьюлер ұйымдастырады;

6) Конституциялық Кеңесті құжаттандыру және құжаттамалық басқару мәселелерін іске асырады;

7) құжаттардың мәтіндерін басқа тілдерге аударуды қамтамасыз етеді;

8) Төраға қабылханасының жұмысын қамтамасыз ету және қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық міндеттерді атқарады;

9) мемлекеттік сатып алу мәселелерімен айналысады;

10) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кадр жұмысын жүргізеді;

11) құпия іс жүргізумен айналысады;

12) орталықтандырылған электронды құжат айналымын жүргізуді іске асырады;

13) мұрағат жұмысын ұйымдастырады;

14) үй-жайды, жиһазды және ұйымдастыру-тұрмыстық техникасын ағымдағы жөндеуден өткізуді қамтамасыз етеді;

15) Конституциялық Кеңестің тауар-материалдық құндылықтарының сатып алынуын, есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етеді;

16) шаруашылық қызметін іске асырады;

17) Төраға мен Аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.