Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі
Н. Назарбаев

Құқықтық сараптау бөлімі

1) конституциялық іс жүргізу нысаны болып отырған немесе болуы мүмкін нормативтік-құқықтық актілерге, халықаралық шарттарға құқықтық талдау жасайды;

2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарына Негізгі Заңға сәйкестігі тұрғысында құқықтық сараптама жасайды, оның қорытындысы бойынша Төрағаның тапсырмасымен немесе бөлімнің бастамасымен іштей қолдану үшін ақпарат тәртібімен қорытынды дайындайды;

3) соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда Конституциялық Кеңестің мүддесін білдіреді;

4) Төрағаның атына ақпараттық анықтама дайындай отырып, Конституциялық Кеңес қаулыларының орындалуын тоқсан сайын бақылап отырады;

5) бөлімнің қорытындысын дайындай отырып, келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына құқықтық талдау жасайды;

6) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтан және өзге де мемлекеттік органдарынан ақпараттық материалдар сұратып алу негізінде Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жарты жылдық шолу жасайды және соның қорытындысы бойынша талдамалық анықтама дайындайды;

7) ай сайын Төрағаны Парламенттегі заң шығармашылығы процесі туралы жазбаша түрде хабардар етеді;

8) Конституциялық Кеңестің Төрағасын, мүшелерін және Аппараттың басшысын өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдармен қамтамасыз етеді;

9) Конституциялық Кеңес жасасатын азаматтық-құқықтық шарттардың жобасын заңнамаға сәйкестігі тұрғысында тексереді;

10) “Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Жаршысының” мерзімді басылымдарын жариялауға дайындайды;

11) мерзімді баспасөзге жазылу, ғылыми, анықтамалық және өзге де әдебиеттер сатып алу арқылы Конституциялық Кеңестің ақпараттық қорын толықтыруды ұйымдастырады, Конституциялық Кеңестің мүшелері мен Аппарат қызметкерлеріне кітапхана қызметі көрсетілуін ұйымдастырады;

12) Конституциялық Кеңес Төрағасының, өтінішті қарау жөніндегі баяндамашылар – Кеңес мүшелерінің және Аппарат басшысының тапсырмасы бойынша талдау материалдарын дайындайды;

13) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен, шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен байланысты іске асырады;

14) Төраға мен Аппарат басшысының құқықтық сипаттағы өзге де тапсырмаларын орындайды.