Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі
Н. Назарбаев

Аппараттың Басшысы

1) Аппараттың жұмысын ұйымдастырады, Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына жеке басымен жауап береді;

2) Конституциялық Кеңестің Аппараты туралы ережені Төрағаның бекітуіне ұсынады, Аппараттың құрылымы мен штат саны туралы ұсыныс енгізеді;

3) Төрағаға Аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді;

4) Бөлім туралы ережені, Бөлімнің жұмыс жоспарларын, Төрағаның кеңесшісі мен көмекшісінен тыс, Аппарат қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;

5) Төрағаның бұйрықтарының, өкімдерінің, жедел мәжілістерде қабылданған шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды;

6) Төрағаға Аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді;

7) мемлекеттік органдармен, азаматтармен және мекемелермен қарым-қатынас жасағанда Аппараттың мүддесін білдіреді;

8) өз өкілеттігі шегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап қайтарады;

9) Аппаратқа жүктелген міндеттердің тиімді түрде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратып алдырады;

10) заңнамада және осы Ережеде көзделген, сондай-ақ Төраға тарапынан өзіне жүктелген өзге өкілеттіктерді іске асырады.