Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
Қазақша     Русский     English
КК қызметі Жаңалықтар
 
• Мемлекеттік қызметтің имиджін нығайту

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Стратегиялық жоспары

Конституциялық Кеңестің Стратегиялық жоспарының құрылымы

1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің миссиясы мен көзқарасы.
2. Ағымдағы жағдайға талдау.
3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері және көрсеткіштері.
4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің функционалдық мүмкіншіліктері және болуы мүмкін қатерлер.
5. Нормативтік құқықтық актілер.
6. Бюджеттік бағдарламалар.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің миссиясы мен көзқарасы.

Конституциялық Кеңестің миссиясы – Қазақстан Республикасы Конституциясының Республиканың бүкіл аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету.

Конституциялық Кеңестің көзқарасы – Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін мейлінше толық жүзеге асыру.

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Өткен кезең ішінде (2007 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін) Конституциялық Кеңес 12 өтініш қарады, оның 9 бойынша нормативтік қаулылар қабылданды, 3- іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту туралы, 1 – тоқтатылды.

Конституциялық іс жүргізу практикасын қорыту нәтижелері бойынша мынадай проблемалар анықталды:
  • мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір нормативтік қаулыларын жүзеге асырмаған, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Республика Парламентіне жіберілетін елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауларындағы ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың тиімділігі жеткіліксіз;
  • қажетті заңнамалық және өзге де шаралар болмауы салдарынан Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуеті толық жүзеге асырылмайды;
  • қолданыстағы заңнаманың Республика Конституциясының жаңа редакциясына толық сәйкес келтірілмеуі түріндегі конституциялық реформаның аяқталмауы;
  • ҚР халқы арасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына берілетін конституциялық кепілдіктер туралы насихаттың жеткіліксіздігі;
  • жекелеген заңнамалық актілердің, солардың ішінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану және оның жауапкершілігі мәселелерін реттейтін актілердің сапалы болмауы.

Миссиясына көмектеседі

 

 

 

 

 

 

 

Миссиясына көмектеседі

СЫРТҚЫ ОРТА

ІШКІ ОРТА

МҮМКІНДІКТЕРІ

КҮШТІ ЖАҚТАРЫ

  • Конституция нормаларын ресми түсіндіру арқылы Республиканың бүкіл аумағында Конституция нормаларының тікелей және бірізді қолданылуын қамтамасыз ету.
  • Жыл сайынғы конституциялық іс жүргізу практикасын қорыту және Республика парламентіне елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жіберу арқылы заңнама сапасын арттыру.
  • Алдын-ала конституциялық бақылау: Парламент қабылдаған заңдардың Президент қол қойғанға дейін және Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарау; Кейінгі конституциялық бақылау: заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің конституциялығын соттардың ұсыныстары бойынша тексеру.
  • Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарау.
  • Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығын және республикалық референдум өткізу туралы мәселені қарау.
  • Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын лауазымынан босату немесе кетіру туралы мәселені Парламент қараған кезде қорытынды беру.
  • Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру кезінде мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан дербестігі және тәуелсіздігі, олардың шешім қабылдау кезінде тек қана Республика Конституциясына бағынуы, саяси және өзге себептерге байланыссыздығы; Олардың тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясына бағынуы.
  • Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелеріне ешкімнің тиіспеуі.
  • Конституциялық Кеңестің іс жүргізуінде жатқан мәселелерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кезінде, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды есептемегенде, Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің құқықтары теңдігі.
  • Барлық мемлекеттік органдардан, ұйымдардан құжаттар, материалдар және өзге де ақпарат сұратып алу құқығы.
  • Белгіленген тәртіппен мамандарды сарапшылық және ғылыми-консультативтік жұмысқа тарту.
  • Қорытынды шешімдер Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, қабылданған күнінен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды.
  • Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар – Президент, заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының басшылары, өздерінің жалпы санының бестен бірінен кем болмаған Парламент депутаттары, республика соттары, актілерінің конституциялығы тексеріліп отырған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар.

Миссиясына кедергі жасайды

 

 


ҚАУІП-ҚАТЕР


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

  • Конституциялық Кеңестің қаулыларын мемлекеттік органдардың уақтылы емес және толық көлемінде орындамауы
  • Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету олардың конституциялық-құқықтық мәртебесіне және Президенттің 28.03.1996 ж. № 2920 Жарлығына сәйкес емес.
  • ҚР Конституциялық Кеңесінің өз ғимараты жоқтығы.
  • Арнаулы телефон байланысы болмауы.
  • Шаруашылық жұмыстарын атқаратын Аппарат қызметкерлеріне көлік қызметі көрсетілмеуі.
  • Шетелге шығу үшін бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігі

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері және көрсеткіштері


Атауы

Өлшем
бірлігі

Актілер саны

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

 2007

 2008

 2009

 2010

 2011


Стратегиялық бағыт:
Еліміздің құқықтық жүйесінің жұмыс істеуі және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес серпінді дамуы


Мақсат:
Қоғам мен мемлекет дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын, адамның және азаматтың түбегейлі құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік институттар жүйесін баянды ететін конституциялық нормалардың сақталуы мен іске асырылуын қамтамасыз ету.

Мақсаттық индикаторлар:


1. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын орындаудың сапасы мен жылдамдығын арттыру

%

60

80

90

90

90


2. Конституциялық Кеңестің жолдауларындағы ұсыныстардың іске асырылу деңгейін арттыру

%

50

70

80

90

90


Міндет:
Конституциялық нормаларды жүзеге асыру, ҚР КК-тің қорытынды шешімдеріне сәйкес заңнаманы жетілдіру.


Ескерту: Конституциялық Кеңестің миссиясын орындау мақсатында Республиканың Негізгі Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолданыстағы заңнаманы оған сәйкестендіруді талап етеді, бұл, өз кезегінде, Конституция нормаларын ресми түсіндіру, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер мен олардың ережелерін Конституцияға сәйкестігі тұрғысында тексеру жөніндегі Конституциялық Кеңеске берілетін өтініштер санын көбейтуді көздейді.


Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Парламентке жыл сайынғыжолдаулар

Бірлік   

   1   

   1   

   1   

   1   

   1   


Конституцияның  нормаларынресми түсіндіру

Бірлік

3

4

8

8

8


Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын жаңартылған Конституцияға сәйкестендіру

Бірлік

2

2

4

4

4


Парламент қабылдаған заңдардың Президент қол қойғанға дейі нолардың Конституцияға сәйкестігін қарау

Бірлік

1

3

8

8

8


Соттардың заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану  туралы ұсыныстарын қарау

Бірлік

1

3

8

8

8


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің стратегиялық бағыттары мен мақсатының Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсатына сәйкестігі

Конституциялық Кеңестің стратегиялық бағыттары мен мақсаты

Конституциялық Кеңестің қызметі жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаты

Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы


Стратегиялық бағыт
Еліміздің құқықтық жүйесінің жұмыс істеуі және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес серпінді дамуы

Мақсат: Қоғам мен мемлекет дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын, адамның және азаматтың түбегейлі құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік институттар жүйесін баянды ететін конституциялық нормалардың сақталуы мен іске асырылуын қамтамасыз ету.

«1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттары мен басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.

2. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады».

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Конституцияның құқықтық идеялары Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің институттары орнығуына бағытталған заңнамалық, ұйымдастырушылық және өзге де шараларда орын алуға тиіс».

«1. Ұлттық қауіпсіздік.

2. Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы.

3. Жоғары деңгейдегі шетелдік инвестициялары және ішкі қоры бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты.

5. Энергетикалық ресурстар.

6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.

7. Кәсіби мемлекет.

«Көп нәрсеге қол жеткізе отырып, біз алдымызға тағы бір стратегиялық міндет – таяудағы 10 жыл ішінде Қазақстанды әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 50 елдің қатарына алып шығу міндетін қойдық.

Бұл стратегия негізінде – ұлттық тауарларымыз бен көрсетілетін қызметтеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы  Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін аймақтық және жаһандық экономиканың басымдығын пайдалану.

Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму қағидаларына негізделеді, оларды бүгінгі күннің шындығын ескере отырып тереңдете түседі».

«Қазақстандағы қазіргі саяси жүйені дамытуды жалғастыру қажет.

Саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен өзге де қоғамдық институттар бұл процесте басты роль ойнауға тиіс.

Демократиялық қоғам жағдайында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үлкен маңызға ие болады. Үкімет әкімшілік реформада көзделген, ең жақсы халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық және қоғамға есептілік принциптерінде Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін дамыту жөніндегі шараларды жылдамдықпен іске асыруы керек.»

2. Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы (Республика Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған).

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2030 Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту»

4. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауы Қазақстан өз дамуындағы жаңадан алға секіру қарсаңында».

5. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауы.



Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін қатерлер

Конституциялық Кеңестің қызметін жетілдіру мақсатында жоспарланған:
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру;
  • Конституция нормаларының қолданыстағы заңнамада іске асырылу жағдайына үнемі бақылау;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімдерін орындау механизмін жетілдіру;
  • өтініштерді қарау кезінде талдау және ақпараттық-анықтамалық жұмыстың сапасын арттыру;
  • әрбір қызметкердің жұмыс тиімділігін одан әрі арттыруға септігін тигізетін қолайлы жұмыс жағдайын жасау үшін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесін техникалық қамтамасыз етудің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Республика Конституциясының нормаларын насихаттау мақсатында дөңгелек үстелдер, конференциялар мен семинарлар өткізу;
  • Конституциялық Кеңес қызметінің бағыттарына одан әрі жетілдіру және сапасын арттыру мақсатында талдау жасау;
  • конституциялық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Болуы мүмкін қатер:
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімдерін орындау процесінің созылып кетуі.

Стратегиялық жоспарды әзірлеуге негіз болған нормативтік құқықтық актілер тізбесі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Конституциялық заңы.

3. «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығы.

4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы.

5. «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімін және Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығы.

6. «Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығы.

7. «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығы.

8. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы.

9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1454 Жарлығы.

10. «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығы.

11. «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы.

12. «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы.

13. «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысы.

7. «Бюджеттік бағдарламалар».

Ағымдағылар

001 «Қазақстан Республикасы Конституциясының Республика аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету».

002 «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесін материалдық-техникалық жарақтандыру»

 

.doc форматындағы құжатты алу

2009 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 2008 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған, 2008 жылғы 2 желтоқсанда Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы Президенттің ұсынысын іс жүргізуге қабылдады.

2008 жылғы 2 желтоқсан. Астана қаласы. Бүгін «Интерконтиненталь» қонақ үйінің конференц-залында «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және оның түбегейлі принциптерінің Қазақстан Республикасының Конституциясында және шет елдердің конституцияларында жүзеге асырылуы» атты, осы халықаралық-құқықтық маңызды құжат қабылдануының 60-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

2008 жыл 1 желтоқсан. Астана. Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.В.Белоруков Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясы (Венециандық Комиссия) және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы ұйымдастырған «Саяси партияларды және сайлау науқандарын қаржыландырудың халықаралық стандарттары» атты халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияға араларында Еуропа Кеңесінің бас хатшысы, Болгария Конституциялық Сотының судьясы, Ирландияның Бас прокуроры бар мәртебелі қонақтар қатысты.

Ү.ж. 27-28 қараша Брюссель. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің мүшесі Ү.М.Стамқұлов сарапшы ретінде Еуропалық Одақ, Германия, Франция, Орталық Азиядағы құқықтық билікті нығайтуды Еуропалық одақтың бастама үйлестірушісі, сондай-ақ, Еуропалық комиссиясы бірігіп ұйымдастырған «Құқықтың үстемдігі – даму іргетасы» тақырыбында министрлер деңгейінде өткен бірінші мәжіліске қатысты.

2008 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ұйымдастырған «Халықаралық шарттарды ұлттық заңнамаға енгізу» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007