Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
Қазақша     Русский     English
Қонақтар кітабы Жаңалықтар
 

Ұйым

Қаласы

E-mail

Түсініктеме



Код енгізіңіз





бастама | алдағы | келесі | соңы
2008 жылғы 11 сәуірде Aтырау қ. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі А.М.Нұрмағамбетов Қазақстандық мұнайгаз саласы заңгерлері ассоциациясының (КРLA) «Теңізшевройл» БК-мен бірлесіп шақыруы бойынша «Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласында заңнаманың қолданылу практикасын талдау және өзекті мәселелері» атты VI Халықаралық Атырау құқықтық конференциясына қатысты.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Қостанай облысы Қостанай қаласының № 2 сотының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағын және 25-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын іс жүргізуге қабылдады.

2008 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 4-тармағын, 71-бабының 5-тармағын, 79-бабының 2-тармағын және 83-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру жөніндегі өтінішін іс жүргізуге қабылдаудан бас тартты.

2008 жылғы 25 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В. Белоруков «Адам құқықтары үшін хартия» қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткізілген «Қазақстан Республикасындағы өлім жазасы: қылмыстық заңнаманы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге 2-ші факультативтік хаттаманың ережелеріне сәйкестендіру» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

2008 жылғы 14 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов «Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында сот жүйесін реформалаудың және әкімшілік қайта құрудың болашағы» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007