Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
Қазақша     Русский     English
Ошибка 404 Жаңалықтар
 
2007 жылғы 13 тамызда Конституциялық Кеңестің Төрағасы И. Рогов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бақылаушылары Миссиясы Штабының Басшысы Е. Слободаны оның өтініші бойынша қабылдады.

2007 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов Республика Парламенті Мәжілісінің сайлауын ДЖАҚҚБ/ЕҚОҰ бақылау миссия басшысы – Елші Любоммир Копайды қабылдады.

02.08.07. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматы қаласында Қазақстанға ресми сапармен келген Мысыр Араб Республикасы Жоғары Конституциялық Сотының Төрағасы Махер Абдель Уахидты қабылдады.

Осы жылдың 31-ші шілдесінде елімізге арнайы шақырумен Египет Араб Республикасының Жоғары Конституциялық Сотының Төрағасы Махер Абдель Уахит бастаған делегация Қазақстанға келді.

2007 жылы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының басшысы Ә.А. Темірбеков Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссиясы «Фридом Хаус», «Әйелдер құқықтық орталығы» үкіметтік емес ұйымдары ұйымдастырған «Азаматтардың сот әділдігіне жіберілуі: Қазақстан Республикасы заңнамаларын дамыту жолдары» атты Дөңгелек үстел жұмысына қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007