Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Нормативтік-құқықтық база Жаңалықтар
 
• Конституциялық іс жүргізу
• Конституциялық іс жүргізу туралы қолданылып жүрген заңнама: "ҚР Президенті туралы"

Конституциялық іс жүргізу туралы қолданылып жүрген заңнама: "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26
желтоқсандағы N 2733 Қазақстан Республикасы конституциялық заңының тиісті ережелері

11-бап. Республика Президентiнiң Конституциялық Кеңеске қатысты өкiлеттiгi

Республика Президентi:

1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен екi мүшесiн қызметке тағайындайды, конституциялық заңға сәйкес оларды мерзiмiнен бұрын қызметтен босатуға хақылы;

2. Республика Конституциясының 72-бабында көзделген жағдайларда Конституциялық Кеңеске өтiнiш білдіредi;

3. Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толық немесе оның бiр бөлiгiнде қарсылықтар енгiзедi.


Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов 2010 жылғы қарашаның 4-5 күндері Тәжікстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының шақыруымен Душанбе қаласында өткен «Конституциялық бақылау органдары құқықтық жүйелердің интеграциялануы жағдайында: халықаралық тәжірибе және Тәжікстан практикасы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А. Малиновский 2010 жылғы 27 қазанда қаржы және салық құқықғы ҒЗИ шақыруымен «Қаржы құқығының қазіргі кезеңдегі нысаны, тәсілі және жүйесі» тақырыбындағы І Халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен Бесінші қазақстандық салық форумы жұмысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі І.Ж. Бақтыбаев 2010 жылдың 18 және 24 қазан аралығында Қытай заңгерлері Ассоциациясы Президентінің шақыруымен Конституциялық Кеңес пен Қытай заңгерлері ассоциациясы арасында тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қытай Халық Республикасының азаматтық және қылмыстық заңнамасына салыстырмалы сараптама жасау, жемқорлықпен күрес проблемаларын зерттеу жұмысына қатысты, Пекин және Шанхай қалалары.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығын мерекелеу ауқымында Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов 2010 жылғы қазанның 21-і мен 27-і аралығында Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) сауд-қазақ парламентаралық достық қоғамы ұйымдастыруымен «Ата Заң – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму тұрағы» атты дөңгелек үстел жұмысына, сонымен қатар өзге де шараларға қатысты.

Ү.ж. 18 қазанда Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарға қол қоюы үшін белгіленген бір ай мерзім бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 2) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтініші бойынша Конституциялық Кеңестің отырысы өтті.





Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007