Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Нормативтік-құқықтық база Жаңалықтар
 
• Конституциялық іс жүргізу
• Конституциялық іс жүргізу туралы қолданылып жүрген заңнама: "ҚР Үкіметі туралы"

Конституциялық іс жүргізу туралы қолданылып жүрген заңнама: "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Қазақстан Республикасы конституциялық заңының тиісті ережелері

19-бап. Республика Премьер-Министрі

2.
Республика Президентiмен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттiк органдармен қарым-қатынаста Үкiметтiң атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады;

8. Үкiметтiң қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды.


Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов 2010 жылғы қарашаның 4-5 күндері Тәжікстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының шақыруымен Душанбе қаласында өткен «Конституциялық бақылау органдары құқықтық жүйелердің интеграциялануы жағдайында: халықаралық тәжірибе және Тәжікстан практикасы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А. Малиновский 2010 жылғы 27 қазанда қаржы және салық құқықғы ҒЗИ шақыруымен «Қаржы құқығының қазіргі кезеңдегі нысаны, тәсілі және жүйесі» тақырыбындағы І Халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен Бесінші қазақстандық салық форумы жұмысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі І.Ж. Бақтыбаев 2010 жылдың 18 және 24 қазан аралығында Қытай заңгерлері Ассоциациясы Президентінің шақыруымен Конституциялық Кеңес пен Қытай заңгерлері ассоциациясы арасында тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қытай Халық Республикасының азаматтық және қылмыстық заңнамасына салыстырмалы сараптама жасау, жемқорлықпен күрес проблемаларын зерттеу жұмысына қатысты, Пекин және Шанхай қалалары.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығын мерекелеу ауқымында Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов 2010 жылғы қазанның 21-і мен 27-і аралығында Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) сауд-қазақ парламентаралық достық қоғамы ұйымдастыруымен «Ата Заң – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму тұрағы» атты дөңгелек үстел жұмысына, сонымен қатар өзге де шараларға қатысты.

Ү.ж. 18 қазанда Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарға қол қоюы үшін белгіленген бір ай мерзім бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 2) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтініші бойынша Конституциялық Кеңестің отырысы өтті.





Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007