Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Нормативтік-құқықтық база Жаңалықтар
 
• Конституциялық іс жүргізу
• Конституциялық іс жүргізу туралы қолданылып жүрген заңнама: "Республикалық референдум туралы"

Конституциялық іс жүргізу туралы қолданылып жүрген заңнама: «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының тиісті ережелері


32-бап. Республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Республиканың Конституциялық Кеңесiнiң қарауы

1. Республика Президентiнiң, Парламент Палаталары төрағаларының, Парламент депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес даулы жағдайда республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Мұндай ретте республикалық референдум нәтижелерiн шығару өтiнiштiң қаралу кезеңiне кiдiртiледi.

2. Орталық референдум комиссиясы республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда референдумға дайындық пен оны өткiзудiң байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.

3. Конституциялық Кеңес Конституция бұзылған жағдайда референдумды Республика Конституциясына сәйкес емес деп тануға хақылы. Мұндай жағдайда Орталық референдум комиссиясы референдум Конституцияға сәйкес емес деп танылған учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) референдум нәтижелерiн жарамсыз деп тану, сол учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) бiр айдың iшiнде қайта дауыс берудi өткiзу туралы шешiм қабылдайды.

4. Конституцияға сәйкес емес деп танылған республикалық референдумның нәтижелерi Орталық референдум комиссиясының шешiмiмен тиiстi дауыс беру учаскелерiнде (әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiстерде) жарамсыз деп танылады. Өткiзiлген референдумды Конституцияға сәйкес деп тану референдумның қорытындыларын шығаруды жүргiзе беруге әкеп соғады.


Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов 2010 жылғы қарашаның 4-5 күндері Тәжікстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының шақыруымен Душанбе қаласында өткен «Конституциялық бақылау органдары құқықтық жүйелердің интеграциялануы жағдайында: халықаралық тәжірибе және Тәжікстан практикасы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А. Малиновский 2010 жылғы 27 қазанда қаржы және салық құқықғы ҒЗИ шақыруымен «Қаржы құқығының қазіргі кезеңдегі нысаны, тәсілі және жүйесі» тақырыбындағы І Халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен Бесінші қазақстандық салық форумы жұмысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі І.Ж. Бақтыбаев 2010 жылдың 18 және 24 қазан аралығында Қытай заңгерлері Ассоциациясы Президентінің шақыруымен Конституциялық Кеңес пен Қытай заңгерлері ассоциациясы арасында тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қытай Халық Республикасының азаматтық және қылмыстық заңнамасына салыстырмалы сараптама жасау, жемқорлықпен күрес проблемаларын зерттеу жұмысына қатысты, Пекин және Шанхай қалалары.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығын мерекелеу ауқымында Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов 2010 жылғы қазанның 21-і мен 27-і аралығында Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) сауд-қазақ парламентаралық достық қоғамы ұйымдастыруымен «Ата Заң – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму тұрағы» атты дөңгелек үстел жұмысына, сонымен қатар өзге де шараларға қатысты.

Ү.ж. 18 қазанда Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарға қол қоюы үшін белгіленген бір ай мерзім бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 2) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтініші бойынша Конституциялық Кеңестің отырысы өтті.





Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007