Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Нормативтік-құқықтық база Жаңалықтар
 
• Конституциялық іс жүргізу
• Конституциялық іс жүргізу туралы қолданылып жүрген заңнама: "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"

Конституциялық іс жүргізу туралы қолданылып жүрген заңнама: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының тиісті ережелері


68-бап. Республика Конституциялық Кеңесiнiң Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiндегi мәселенi қарауы

1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейін он күн ішінде берiлуi мүмкін өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiндегi мәселенi шешедi. Бұл ретте Республика Президентiнiң қызметке кiрiсуi өтiнiштi қарау кезiнде тоқтатыла тұрады.

2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiнде дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.

3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) Республика Президентi сайлауы Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиiстi учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) екi ай iшiнде қайта дауыс беру өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.

84-бап. Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Конституциялық Кеңестiң қарауы

1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлуi мүмкін өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Сенат депутаттарын тiркеу өтiнiштi қарау уақытына тоқтатыла тұрады.

2. Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.

3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде Сенат депутаттары сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде екi ай iшiнде қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды.

100-бап. Конституциялық Кеңестiң Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi қарауы

1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн ішінде берiлуi мүмкін ұсынысы бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Мәжiлiс депутаттарын тiркеу ұсынысты қарау уақытына тоқтатыла тұрады.

2. Орталық сайлау комиссиясы Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.

3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкімшілік-аумақтық бөліністердің аумағында партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы бұл әкімшілік-аумақтық бөліністердің аумағындағы сайлауды жарамсыз деп тану және қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.

4. Конституциялық Кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы оны жарамсыз деп тану және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының қайта сайлауын өткізу туралы шешім қабылдайды.


Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов 2010 жылғы қарашаның 4-5 күндері Тәжікстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының шақыруымен Душанбе қаласында өткен «Конституциялық бақылау органдары құқықтық жүйелердің интеграциялануы жағдайында: халықаралық тәжірибе және Тәжікстан практикасы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А. Малиновский 2010 жылғы 27 қазанда қаржы және салық құқықғы ҒЗИ шақыруымен «Қаржы құқығының қазіргі кезеңдегі нысаны, тәсілі және жүйесі» тақырыбындағы І Халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен Бесінші қазақстандық салық форумы жұмысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі І.Ж. Бақтыбаев 2010 жылдың 18 және 24 қазан аралығында Қытай заңгерлері Ассоциациясы Президентінің шақыруымен Конституциялық Кеңес пен Қытай заңгерлері ассоциациясы арасында тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қытай Халық Республикасының азаматтық және қылмыстық заңнамасына салыстырмалы сараптама жасау, жемқорлықпен күрес проблемаларын зерттеу жұмысына қатысты, Пекин және Шанхай қалалары.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығын мерекелеу ауқымында Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов 2010 жылғы қазанның 21-і мен 27-і аралығында Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) сауд-қазақ парламентаралық достық қоғамы ұйымдастыруымен «Ата Заң – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму тұрағы» атты дөңгелек үстел жұмысына, сонымен қатар өзге де шараларға қатысты.

Ү.ж. 18 қазанда Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарға қол қоюы үшін белгіленген бір ай мерзім бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 2) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтініші бойынша Конституциялық Кеңестің отырысы өтті.





Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007