Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Нормативтік-құқықтық база Жаңалықтар
 
• Конституциялық іс жүргізу
• Конституциялық іс жүргізу туралы қолданылып жүрген заңнама: "ҚР Парламентінің Регламенті туралы"

Конституциялық іс жүргізу туралы қолданылып жүрген заңнама: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы қаулысының тиісті ережелері. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламенті. Республика Конституциялық Кеңесіне жүгіну

57-тармақ
Парламент Мәжілісі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан үшін күшіне енбеген заңдар мен халықаралық шарттардың, Мәжілісте қаралатын өзге де құжаттардың Республика Конституциясына сәйкестігі туралы істі шешу жөнінде Республиканың Конституциялық Кеңесіне жүгіне алады.

Сондай-ақ Мәжіліс Республика Конституциясының нормаларын түсіндіру туралы Конституциялық Кеңеске жүгіне алады. Республика Конституциялық Кеңесінде өндірісте жатқан істерге байланысты жүгініс жіберілмейді.

58-тармақ
Конституциялық Кеңеске Мәжіліс Төрағасы немесе Парламент депутаттары жалпы санының кем дегенде бестен бір бөлігін құрайтын депутаттар жүгіне алады. Соңғы жағдайда жүгініске депутаттардың тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізім қоса тіркелуге тиіс.

Конституциялық Кеңеске жүгіну туралы ұсынысты Палатаның жалпы отырысында комитеттер, фракциялар, депутаттық топтар енгізеді. Комитет, фракция, депутаттар тобы Конституциялық Кеңеске жүгіну туралы ұсыныс айтылғаннан кейін Палатаның жалпы отырысында төрағалық етуші осы мәселе бойынша бір сағат шегінде жарыссөз өткізеді, содан соң дауыстарды дербес санаудың электрондық жүйесін пайдалану арқылы Конституциялық Кеңеске жүгіну үшін қажетті депутаттар санының жеткіліктілігін анықтайды.

Егер дауыстардың аталған саны алынатын болса, онда төрағалық етуші Палата Аппаратының Жалпы бөліміне үш күн мерзім ішінде жүгіністі дайындауды және оны Конституциялық Кеңеске енгізуді тапсырады.

59-тармақ
Республика Конституциялық Кеңесі өз шешімін жүгініс түскен күннен бастап бір ай ішінде шығарады.

Конституциялық Кеңестің шешімін ол Мәжіліске түскеннен кейін Палатаның бірінші жалпы отырысында төрағалық етуші жариялайды.


Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов 2010 жылғы қарашаның 4-5 күндері Тәжікстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының шақыруымен Душанбе қаласында өткен «Конституциялық бақылау органдары құқықтық жүйелердің интеграциялануы жағдайында: халықаралық тәжірибе және Тәжікстан практикасы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А. Малиновский 2010 жылғы 27 қазанда қаржы және салық құқықғы ҒЗИ шақыруымен «Қаржы құқығының қазіргі кезеңдегі нысаны, тәсілі және жүйесі» тақырыбындағы І Халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен Бесінші қазақстандық салық форумы жұмысына қатысты.

Конституциялық Кеңестің мүшесі І.Ж. Бақтыбаев 2010 жылдың 18 және 24 қазан аралығында Қытай заңгерлері Ассоциациясы Президентінің шақыруымен Конституциялық Кеңес пен Қытай заңгерлері ассоциациясы арасында тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қытай Халық Республикасының азаматтық және қылмыстық заңнамасына салыстырмалы сараптама жасау, жемқорлықпен күрес проблемаларын зерттеу жұмысына қатысты, Пекин және Шанхай қалалары.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығын мерекелеу ауқымында Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов 2010 жылғы қазанның 21-і мен 27-і аралығында Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) сауд-қазақ парламентаралық достық қоғамы ұйымдастыруымен «Ата Заң – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму тұрағы» атты дөңгелек үстел жұмысына, сонымен қатар өзге де шараларға қатысты.

Ү.ж. 18 қазанда Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарға қол қоюы үшін белгіленген бір ай мерзім бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 2) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтініші бойынша Конституциялық Кеңестің отырысы өтті.





Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007