Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі
Н. Назарбаев

Жаңалықтар

2014 жылғы 12-13 қаңтарда Кабул қаласында Ауғанстан Ислам Республикасы Конституциясының іске асырылуын қадағалау жөніндегі тәуелсіз комиссияның бастамасымен, Ауғанстан Конституциясы ратификациялануының 10 жылдығына арналған «Ауғанстандағы конституциялық демократиялық жүйені нығайту: міндеттері мен шешімдері» атты халықаралық конференция өткізілді.

толық »

13-16 желтоқсан 2013ж. Лакнау қаласы (Индия). Конституциялық Кеңестің мүшелері В.А. Малиновский мен А.М. Нұрмағамбетов Индия Конституциясының 51-ші бабы бойынша әлемдік әділет басшыларының 14-ші халықаралық конференциясына қатысты.

13 желтоқсан 2013 жыл. Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай мерекелік жиналыс өтті. Жиналыс барысында И.Рогов ұжымды мерекемен құттықтады және Кеңес мүшесі Н.В. Белоруковті, қаржы-шаруашылық бөлімінің орынбасары Р.Я. Уалиеваны, Төраға Кеңесшісі М.Т. Мұртазинді, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің экс-қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградтармен марапаттады.

6-7 желтоқсан 2013 жыл. Венеция. Конституциялық Кеңестің мүшелері Н.В. Белоруков пен А.Н. Жайылғанова Венеция Комиссиясының 97-ші Пленарлық сессиясына қатысты.

3-4 желтоқсан 2013 жыл. Мәскеу. Конституциялық Кеңестің Төрағасы И. Рогов Еуропа Кеңесі Венеция Комиссиясының қолдауымен Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Әлемдік конституциялық кеңістіктегі Ресей Конституциясы» атты III-Халықаралық салыстырмалы құқықтану конгресіне қатысып, сөз сөйледі.

Конгреске қатысушылар Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Иран және т.б. мемлекеттердің көрнекті ғалымдары мен мемлекеттік қайраткерлері конституциялық даму және конституциялық құндылықтар мен нормаларын жүзеге асырудың ауқымды мәселелерін талқылады.

2013 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Рогов өзінің құттықтау сөзінде біздің республикамыздың әр азаматы үшін бұл оқиғаның маңызы аса зор екенен баса айтты. Сондай-ақ, Республикамызда президенттік институттың қалыптасуы жайында сөз сөйледі.

Осы іс-шара аясында Төраға И.Рогов ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтады және Конституциялық Кеңестің жекелеген қызметкерлерін өз қызметін адал орындағандары үшін алғыс жариялады.

26-28 қараша 2013 жыл. Мәскеу. Конституциялық Кеңестің мүшелері А.М. Нұрмағамбетов және В.А. Малиновский «Конституционализм және Ресейдің құқықтық жүйесі: қорытындылары және келешегі» атты жыл сайынғы XIV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, сөз сөйледі. Конференция Үшінші Мәскеулік заң аптасының аясында, О.Е.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің, М.В.Ломоносов атындағы МГУ заң факультетінің қолдауымен, Мәскеу аймақтық заңгерлер ассоциациясының бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткізілді.

2013 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің дамуындағы рөлі» атты конференцияға қатысып, сөз сөйледі.

Өзінің баяндамасында И.И. Рогов Қазақстанда парламентаризмнің дамуы мен қалыптасуында Республиканың Тұңғыш Президентінің рөлі маңызды екенін атап өтті.

толық »

15-16 қараша 2013 жыл. Алматы қ. Конституциялық Кеңес Төрағасы И. Рогов «Әкімшілік рәсімдердің жалпы құқығы және оның жария құқығының арнайы салалары үшін маңызы» тақырыбында әкімшілік құқық бойынша төртінші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты және құттықтау сөз сөйледі. Конференцияға қатысушылар келешекте құқық қолдану тәжірибесін және әкімшілік актілерді, сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді жүргізу ережесін орындау тәртібін, халықаралық стандарттарға сәйкес әкімшілік рәсімдер туралы күші бар құқықты одан әрі жетілдіруді талқыға салды.

13 қараша 2013 жыл. Астана. Конституциялық Кеңес Төрағасы И.И. Рогов Арменияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі азамат А.А. Саакянмен кездесті. Кездесу барысында Төраға әңгімешіні Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі Конституциялық Кеңестің қызметі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ,  Қазақстан және Арменияның құқық аясындағы жағдайы және ынтымақтастық келешегіне қатысты ойлармен бөлісті.

артқа | бастама | алдағы | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | келесі | соңы