Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі
Н. Назарбаев

Сөйленген сөздер

Қымбатты отандастар!

 

Сіздерді Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің Ата Заңы жаңа Қа­зақ­стан жетістіктерінің бе­рік ке­пі­ліне айналды. Тиімді құ­қық­­­тық жүйені орнықтыру ар­қы­лы біз экономикалық өсімге жә­­не қоғамның әл-ауқатының ар­туы­на қол жеткізіп, елімізде тұрақ­тылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық.

Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаң­ғырту – мұның бәрі берік конс­ти­туциялық негізде жүзеге асы­рылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағыт­талған. Біздің сыртқы саясат­тағы жүйелі бастамаларымыз Қазақстанның халықаралық беделінің ұдайы өсуін қамтамасыз етуде.

Биыл еліміз 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясында көзделген мақсаттарды іске асыруға кірісті. Соның ең бас­тысы – Қазақстанның әлемдегі ең да­мы­ған 30 мемлекеттің қа­та­­ры­­на енуі. Стратегияның бар­лық мақсаттарына қол жеткізу қа­зақ­стандықтардың бірлігі мен Кон­сти­туция қағидаларын мүл­тіксіз орындау негізінде ғана мүмкін болмақ.

Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, консти­ту­ция­лық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті.

Барша қазақстандықтарға игі­лік пен бақ-береке тілеймін! Біз­дің Отанымыз – Қазақстан Рес­пуб­ликасы нығайып, дами берсін!

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

И.И. РОГОВ,

Қазақстан Республикасы

Конституциялық Кеңесінің Төрағасы

Конституция – Қазақстанның даму стратегиясына негіз

 Жиырма жылға жуық уақыттан бері Қазақстан Конституциясы еліміздің ұлттық саяси-құқық­тық жүйесінің түпқазығы, мем­ле­кеттілігі мен егемендігінің, елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің заңдық негізі, бүкіл заңнама мен құқық қолдану практикасы, сондай-ақ еліміздің мемлекеттік-құқықтық қайта жаңғыруы мен даму үрдісі арқа сүйейтін мықты іргетас болып табылады.

толық »

Егемен Қазақстан газетінде жарияланған сұхбат.

Азиялық ынтымақтастық векторының тереңдеуі арқылы Конституцияның үстемдігі

 

24 сәуірде Анкара қаласында Азиялық конституциялық соттар мен балама институттар қоғамдастығына (бұдан әрі – Қоғамдастық) мүше елдер комитетінің кездесуі өтіп, оның барысында Қазақстан Конституциялық Кеңесін осы азиялық құрылымның құрамына қабылдау туралы мәселе қаралды.

Оның жұмысына қатысқан Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И.Рогов осы іс-шара жайлы әңгімелейді.

 

толық »

«Конституциялық соттардың шешімдерін орындауды қамтамасыз етудегі конституциялық соттардың және басқа институттардың қарым қатынасы» тақырыбында XVII Еревандық халықаралық конференциядағы сөйлеген сөзі Ереван қ. 4-5 қазан 2012 жыл

Қазақстан Республикасында тіл туралы конституциялық нормаларды жүзеге асырудың мәселелері
Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов «Қазақстан Республикасындағы Конституциялық бақылаудың қазіргі заманғы үлгілері» тақырыбында 2011 жылғы 25-26 маусамда Батуми қаласында сөйлеген сөзімен орыс тіліндегі нұсқасымен таныса аласыз.
Конституциялық Кеңес мүшесі І.Ж.Бақтыбаевтың «Академик Ғайрат Сапарғалиевтің саяси-құқықтық көзқарасы оның призма арқылы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне берген эксперттік қорытындылары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда сөйлеген сөзі. Алматы қ., 2011 жылғы 24 маусым.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов “Қазақстан Республикасы қылмыстық құқықтық саясатының кейбір мәселелері” тақырыбында 2011 жылғы 26-27 мамырда, Мәскеу қаласында сөйлеген сөзімен орыс тіліндегі нұсқасымен таныса аласыз.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруковтың “Өлім жазасын жоюдың конституциялық-құқықтық аспектілері” тақырыбында сөйлеген сөзі. Астана. 2011 жылғы 26 сәуір.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И.Роговтың “Еуропа Қеңесіне кірмейтін мемлекеттердің қылмыстық істер құқықтық көмек көрсету механизмі” атты халықаралық конференциясында сөйлеген сөзі. Астана қаласы. 2011 жылғы 18-19 сәуір.
артқа | бастама | алдағы | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | келесі | соңы