Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі
Н. Назарбаев
Негізгі бет » Құрамы » Қазіргі құрамы

Қазіргі құрамы

РОГОВ Игорь Иванович

Конституциялық Кеңестің Төрағасы

1950 жылы 17 мамырда Баку қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы ағаш өңдеу комбинатының станокшысы болып бастаған. Университетті бітіргеннен кейін Алматы қаласы Әуезов АІІБ-нің тергеушісі болып жұмыс істеді, кейін 15 жыл бойы оқытушылық қызметпен айналысты. Президент және Министрлер Кабинеті Аппаратының аға референті, консультанты, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Ілияс Жақыпбекұлы БАҚТЫБАЕВ

1948 жылғы 1 тамызда Алматы облысы Талғар ауданының Қызыл ту-3 ауылында туған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын ауылдық мектепте лаборант ретінде бастады. 1968 жылдан 1971 жылға дейін Талғар ауданының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің нұсқаушысы, жаттықтырушысы, жұмысшы болып қызмет атқарды.

Университетті бітіргеннен кейін, 1977 жылғы қыркүйектен 1982 жылғы маусымға дейін Алматы қаласы Әуезов аудандық прокуратурасында прокурордың көмекшісі, аға тергеуші болып жұмыс істеді.

БЕЛОРУКОВ Николай Васильевич

1952 жылғы 20 наурызда Көкшетау облысы Володар ауданының Карловка селосында туған.

1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын "Алматыжилстрой" трестіне қарасты №20 Құрылыс-монтаж басқармасында құрылысшы болып бастаған. Университетті бітірген соң Алматы облысы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Қасқелең ауданы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді.

ЖАИЛҒАНОВА Анар Нұралықызы

1969 жылғы 10 шілдеде Семей облысы Чарск ауданы Белтерек ауылында туған. 1986 жылы Белтерек ауылының орта мектебін медальмен тәмәмдап, осы жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1991 жылы үздікпен аяқтады.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Ғылыми Академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер қызметінде жұмыс істеді. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылыми Академиясы аспирантурасының күндізгі бөліміне түскен.

1994 жылы Оңтүстік-Қазақстан облыстық сотының консультанты, 1997 жылы аталған соттың судьясы болып қызмет атқарды.

МАЛИНОВСКИЙ Виктор Александрович

1956 жылы 27 мамырда Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің мемлекеттік құқық және совет құрылысы кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, деканның орынбасары, Алматы саясаттану институтының мемлекеттік құрылыс және құқық кафедрасының доценті болып бастады.

 Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының Мемлекеттік-құқық бөлімінің референті, аға референті, Республика Конституциялық Сотының судьясы болып қызмет атқарды.

НҰРМАҒАМБЕТОВ Аманжол Мағзұмұлы

1950 жылғы 3 маусымда Көкшетау қаласында туған.

1975 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1982 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті заң факультетінің аспиранты.

1975-1989 ж.ж. - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің оқытушысы.

СТАМҚҰЛОВ Үбайдолла Мырзағалиұлы

1951 жылғы 8 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір ауданының Первомаевка селосында туған.

1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын Шымкент облысы Ленгір аудандық сотының сот мәжілісінің хатшысы болып бастады. Университетті бітірген соң КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебінің азаматтық құқық және процесс кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 1979-1982 жылдардағы кезеңде С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің аспиранты. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызметпен айналысты.