Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».
Н. Назарбаев
Қазақша     Русский     English
Құрамы Жаңалықтар
 
• Бұрынғы құрамы

КИМ
Юрий Алексеевич
(1940 - 2000 ж.ж.)

Конституциялық Кеңестің Төрағасы


Талдықорған облысында туған. 1966 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Ішкі істер органдарының тергеушісі, Алматы қаласында халық судьясы болып қызмет істеген. 15 жыл бойы әділет органдарында қалалық әділет бөлімі бастығының орынбасарынан Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірінші орынбасары қызметіне дейінгі лауазымдарда болған. 1994 жылы 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты және комитет төрағасы болып сайланған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері.


ХИТРИН
Юрий Александрович
(1946 - 2004 ж.ж.)

Конституциялық Кеңестің Төрағасы


1946 жылғы 24 тамызда Алматы қаласында туған. 1970 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1969-1980 жылдары стажер, аудандық прокуратураның тергеушісі, Республика Прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, Алматы қаласы прокуратурасының тергеу бөлімі бастығы, Қазақ КСР-і Прокуратурасының тергеу басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 1980-1987 жылдары Целиноград облысының прокуроры болды, 1987-1990 жылдары КСР Одағы Прокуратурасында еңбекпен түзеу мекемелерінде заңдардың сақталуын қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы болып істеді, КСРО Прокуратурасының алқа мүшесі болды. 2000 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.


СӘБИКЕНОВ
Салахиден Нұрсарыұлы

1939 жылы Гурьев облысында туған. 1964 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Ішкі істер органдарында қызмет еткен. 1966 жылдан ұстаздық және ғылыми жұмыста. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің аға оқытушысынан бастықтың орынбасарына дейінгі жолдан өтті, кейіннен Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары мектебі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 02.1996 жылдан 02.1998 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.


БҰСЫРМАНОВ
Жұмабек Дүйсешұлы


1950 жылы Павлодар облысында туған. 1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, доценті, проректоры (1976-1992 ж.ж.); Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының бөлім консультанты (1993-1994 ж.ж.) болып жұмыс істеген. 03.1998 жылдан 02.2002 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.


МАМОНОВ
Владимир Васильевич
(1938 - 2001 ж.ж.)


1938 жылы Ресей Федерациясының Тамбов облысында туған. 1967 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Ішкі істер органдарының тергеушісі болып жұмыс істеген, кейін 25 жыл бойы ұстаздық қызметте болған. Конституциялық Кеңестің мүшесі болып тағайындалғанға дейін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған. 02.1996 жылдан 04.1999 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.


АКУЕВ
Николай Ильич

1941 жылы Ресей Федерациясының Қорған облысында туған. 1963 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Төрт ұжымдық монографияның тең авторы, мемлекет және құқық мәселелері бойынша отыздан астам ғылыми мақалалардың авторы болып табылады. Заң ғылымының кандидаты, "Тұран" университетінің профессоры. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" деген құрметті атаққа ие.


ЫҚСАНОВ
Ордағали Қажығалиұлы

1938 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. 1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Оны бітіргеннен кейін Алматы облыстық сотының судьясы болып қызмет істеді. 1992-1995 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы. 1995-1996 ж.ж. - Қазақ мемлекеттік заң институтының проректоры. 02.1996-04.1999 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.


ШОПИН
Виталий Дмитриевич

1940 жылы Ресей Федерациясының Белгород облысында туған. 1972 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 18 жыл бойы ұстаздық қызметте болған. Ассистенттен бастап кафедра меңгерушісі, заң факультетінің деканына дейінгі жолдан өткен. 1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Аппаратының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 02.1996 жылдан 02.2002 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.


ТЕМІРБОЛАТОВ
Серік Ғабдоллаұлы


1954 жылы Қарағанды қаласында туған. 1979 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 11 жыл бойы прокуратура органдарында, тергеуші лауазымынан бастап, Қарағанды облысы көлік прокурорының көмекшісінен Республика Прокуратурасының бөлім бастығына дейін қызмет атқарған. 02.1996 жылдан 04.1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.



КОТОВ
Анатолий Константинович
(1955-2006 ж.ж.)


1955 жылғы 15 шілдеде Мәскеу қаласында туған. 1977 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Заң ғылымының докторы, профессор. Еңбек жолын 1977 жылғы қыркүйекте Қазақ КСР-і Әділет министрлігінің аға консультанты болып бастаған. Кейін ішкі істер органдарында қызмет еткен, офицер. 1988-1994 жылдары Республиканың Ғылым академиясында жұмыс істеген. Ғылыми қызметкерден Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның Мемлекет және құқық институтының бөлім меңгерушісіне дейінгі жолдан өткен. 1999 жылғы 1 сәуірде Республика Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.



бастама | алдағы | 1 | 2 | келесі | соңы
2011 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Роговтың Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Турбьорн Ягланд бастаған делегациясымен кездесуі болып өтті.
толық »

2011 жылғы 5-8 қазанда Ереван қаласында (Армения) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі А.Н.Жайылғанова «Конституциялық Сот шешімдерінің конституционализмді нығайтудағы құқықтық рөлі және маңызы» атты Армения Конституциялық Сотының 15 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференцияға қатысты.

2011 жылғы 29-30 қыркүйекте Рига қаласында (Латвия) Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Рогов «Конституциялық құндылықтарды қорғау ісіндегі Конституциялық соттың рөлі» атты халықаралық конференцияға қатысып, «Конституциялық құндылықтарды жүзеге асырудағы және нығайтудағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

2011 жылғы 26-30 қыркүйекте Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппарат басшысы Ә.А.Темірбеков «Соттардың тәуелсіздігін және қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету кепілдіктері жөніндегі конституциялық нормаларды жетілдіру және сақтаудың халықаралық тәжірибесі» атты халықаралық конференцияға қатысты.

2011 жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің мүшесі А.Н.Жайылғанова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні» мерекесіне орай «Сот істерін мемлекеттік тілде жүргізудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007