Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
Қазақша     Русский     English
Мемлекеттік рәміздер Жаңалықтар
 
• Ту, Елтаңба, Әнұран

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Сөзін жазған:
Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

2009 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 2008 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған, 2008 жылғы 2 желтоқсанда Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы Президенттің ұсынысын іс жүргізуге қабылдады.

2008 жылғы 2 желтоқсан. Астана қаласы. Бүгін «Интерконтиненталь» қонақ үйінің конференц-залында «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және оның түбегейлі принциптерінің Қазақстан Республикасының Конституциясында және шет елдердің конституцияларында жүзеге асырылуы» атты, осы халықаралық-құқықтық маңызды құжат қабылдануының 60-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

2008 жыл 1 желтоқсан. Астана. Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.В.Белоруков Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясы (Венециандық Комиссия) және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы ұйымдастырған «Саяси партияларды және сайлау науқандарын қаржыландырудың халықаралық стандарттары» атты халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияға араларында Еуропа Кеңесінің бас хатшысы, Болгария Конституциялық Сотының судьясы, Ирландияның Бас прокуроры бар мәртебелі қонақтар қатысты.

Ү.ж. 27-28 қараша Брюссель. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің мүшесі Ү.М.Стамқұлов сарапшы ретінде Еуропалық Одақ, Германия, Франция, Орталық Азиядағы құқықтық билікті нығайтуды Еуропалық одақтың бастама үйлестірушісі, сондай-ақ, Еуропалық комиссиясы бірігіп ұйымдастырған «Құқықтың үстемдігі – даму іргетасы» тақырыбында министрлер деңгейінде өткен бірінші мәжіліске қатысты.

2008 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруков Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ұйымдастырған «Халықаралық шарттарды ұлттық заңнамаға енгізу» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.



Iздеу

"Интернет Решения"
компаниясымен өндірілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі © 2007