КОНСТИТУЦИОННЫЙ СОВЕТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ ЖАҢАЛЫҚТАР

2006 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері И.И.Рогов, С.Ф.Бычкова және Ү.М.Стамқұлов «Адам құқықтарын қорғаудың конституциялық механизмдері» деген тақырыптағы IV Тамыз оқылымдарына қатысты. Тамыз оқылымдары Қазақстан Конституциясымен және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттармен кепілдік берілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы білімді кеңінен таратуға бағыталған.

2006 жылдың 20-21 шілдесінде Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.В. Белоруков Алматы қаласында Республика әділет және денсаулық сақтау министрліктері, Орталық Азиядағы «Халықаралық түрме реформасы» PRI өкілдігі, түбіркүлезге қарсы күрес жөніндегі Корольдік нидерландық орталық қауымдастығы (KNCV) және Алматыдағы ЕЫҚҰ Орталығы өткізген «Құқық, адам және денсаулық» атты халықаралық конференцияның жұмысына қатысты. Конференцияның басты мақсаты – «Пенитенциярлық мекемелердегі адам құқықтары. Бас бостандығынан айырудың альтернативалары, Қазақстан түрмелерінде түбіркүлезге қадағалау жасау бағдарламасы» атты бірлескен жобаны іске асырудың нәтижелерін талқылау.

2006 жылдың 30 маусымы – 1 шілдесі аралығында Конституциялық Кеңестің мүшесі Х.Ә. Әбішев Болгария Республикасы Конституциялық Сотының Президенті Неделчо Бероновтың шақыруы бойынша София қаласында аталған Соттың 15-жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған «Демократиялық мемлекеттегі Конституциялық Сот» атты халықаралық конференцияның жұмысы мен өзге де салтанатты шараларға қатысты.

2006 жылдың 22-маусымында Конституциялық Кеңестің мүшесі А.М.Нұрмағамбетов Қоғамдық проблемаларды талдау орталығының (PPRC) ұйымдастырумен Алматы қаласында өткен «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды орнатуды құқықтық қамтамасыз ету» атты халықаралық конференцияның жұмысына қатысты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран

Дәстүр және Қазіргі заман

COPYRIGHT 2005 CONSTCOUNCIL.KZ
CREATED BY A.W.D. GROUP