ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ http://constcouncil.kz ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ Sat, 19 Apr 2014 12:34:18 +0600 Sat, 19 Apr 2014 12:34:18 +0600 http://constcouncil.kz/self/rss_news_kaz.php ru 2014 жылғы 12-13 қаңтарда Кабул қаласында Ауғанстан Ислам Республикасы Конституциясының іске асыр 2014 жылғы 12-13 қаңтарда Кабул қаласында Ауғанстан Ислам Республикасы Конституциясының іске асырылуын қадағалау жөніндегі тәуелсіз комиссияның бастамасымен, Ауғанстан Конституциясы ратификациялануының 10 жылдығына арналған «Ауғанстандағы конституциялық демократиялық жүйені нығайту: міндеттері мен шешімдері» атты халықаралық конференция өткізілді.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=886 Thu, 30 Jan 2014 11:27:38 +0600
13-16 желтоқсан 2013ж. Лакнау қаласы (Индия). Конституциялық Кеңестің мүшелері В.А. Малиновский м 13-16 желтоқсан 2013ж. Лакнау қаласы (Индия). Конституциялық Кеңестің мүшелері В.А. Малиновский мен А.М. Нұрмағамбетов Индия Конституциясының 51-ші бабы бойынша әлемдік әділет басшыларының 14-ші халықаралық конференциясына қатысты.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=885 Wed, 18 Dec 2013 12:27:10 +0600
13 желтоқсан 2013 жыл. Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай 13 желтоқсан 2013 жыл. Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай мерекелік жиналыс өтті. Жиналыс барысында И.Рогов ұжымды мерекемен құттықтады және Кеңес мүшесі Н.В. Белоруковті, қаржы-шаруашылық бөлімінің орынбасары Р.Я. Уалиеваны, Төраға Кеңесшісі М.Т. Мұртазинді, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің экс-қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградтармен марапаттады.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=884 Fri, 13 Dec 2013 00:18:00 +0600
6-7 желтоқсан 2013 жыл. Венеция. Конституциялық Кеңестің мүшелері Н.В. Белоруков пен А.Н. Жайылға 6-7 желтоқсан 2013 жыл. Венеция. Конституциялық Кеңестің мүшелері Н.В. Белоруков пен А.Н. Жайылғанова Венеция Комиссиясының 97-ші Пленарлық сессиясына қатысты.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=883 Mon, 09 Dec 2013 09:01:00 +0600
3-4 желтоқсан 2013 жыл. Мәскеу. Конституциялық Кеңестің Төрағасы И. Рогов Еуропа Кеңесі Венеция К 3-4 желтоқсан 2013 жыл. Мәскеу. Конституциялық Кеңестің Төрағасы И. Рогов Еуропа Кеңесі Венеция Комиссиясының қолдауымен Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Әлемдік конституциялық кеңістіктегі Ресей Конституциясы» атты III-Халықаралық салыстырмалы құқықтану конгресіне қатысып, сөз сөйледі.

Конгреске қатысушылар Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Иран және т.б. мемлекеттердің көрнекті ғалымдары мен мемлекеттік қайраткерлері конституциялық даму және конституциялық құндылықтар мен нормаларын жүзеге асырудың ауқымды мәселелерін талқылады.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=881 Thu, 05 Dec 2013 13:04:00 +0600
2013 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасының Т 2013 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Рогов өзінің құттықтау сөзінде біздің республикамыздың әр азаматы үшін бұл оқиғаның маңызы аса зор екенен баса айтты. Сондай-ақ, Республикамызда президенттік институттың қалыптасуы жайында сөз сөйледі.

Осы іс-шара аясында Төраға И.Рогов ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтады және Конституциялық Кеңестің жекелеген қызметкерлерін өз қызметін адал орындағандары үшін алғыс жариялады.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=880 Sat, 30 Nov 2013 20:28:19 +0600
26-28 қараша 2013 жыл. Мәскеу. Конституциялық Кеңестің мүшелері А.М. Нұрмағамбет 26-28 қараша 2013 жыл. Мәскеу. Конституциялық Кеңестің мүшелері А.М. Нұрмағамбетов және В.А. Малиновский «Конституционализм және Ресейдің құқықтық жүйесі: қорытындылары және келешегі» атты жыл сайынғы XIV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, сөз сөйледі. Конференция Үшінші Мәскеулік заң аптасының аясында, О.Е.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің, М.В.Ломоносов атындағы МГУ заң факультетінің қолдауымен, Мәскеу аймақтық заңгерлер ассоциациясының бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткізілді.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=879 Sat, 30 Nov 2013 20:26:12 +0600
2013 жылғы 26 қарашада Қазақст

2013 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің дамуындағы рөлі» атты конференцияға қатысып, сөз сөйледі.

Өзінің баяндамасында И.И. Рогов Қазақстанда парламентаризмнің дамуы мен қалыптасуында Республиканың Тұңғыш Президентінің рөлі маңызды екенін атап өтті.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=878 Thu, 28 Nov 2013 10:29:59 +0600
15-16 қараша 2013 жыл. Алматы қ. Конституциялық Кеңес Төрағасы И. 15-16 қараша 2013 жыл. Алматы қ. Конституциялық Кеңес Төрағасы И. Рогов «Әкімшілік рәсімдердің жалпы құқығы және оның жария құқығының арнайы салалары үшін маңызы» тақырыбында әкімшілік құқық бойынша төртінші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты және құттықтау сөз сөйледі. Конференцияға қатысушылар келешекте құқық қолдану тәжірибесін және әкімшілік актілерді, сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді жүргізу ережесін орындау тәртібін, халықаралық стандарттарға сәйкес әкімшілік рәсімдер туралы күші бар құқықты одан әрі жетілдіруді талқыға салды.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=877 Tue, 19 Nov 2013 17:54:59 +0600
13 қараша 2013 жыл. Астана. Конституциялық Кеңес Төрағасы И.И. Рогов Арменияның Қазақстандағы Төт 13 қараша 2013 жыл. Астана. Конституциялық Кеңес Төрағасы И.И. Рогов Арменияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі азамат А.А. Саакянмен кездесті. Кездесу барысында Төраға әңгімешіні Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі Конституциялық Кеңестің қызметі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ,  Қазақстан және Арменияның құқық аясындағы жағдайы және ынтымақтастық келешегіне қатысты ойлармен бөлісті.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=875 Thu, 14 Nov 2013 12:51:16 +0600
01 қараша 2013 жыл. Бурабай. Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов «Қылмыстық және Қ 01 қараша 2013 жыл. Бурабай. Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов «Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстерінің, сондай-ақ жаңа Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің жаңа басылымдары: Қазақстан заңнамасы және тәжірибесінде адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарының имплементациясы» атты конференциясы жұмысына қатысты.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=874 Thu, 14 Nov 2013 12:50:41 +0600
11-12 қазан 2013 жыл. Венеция. Конституциялық Кеңес Төрағасы И.И. Рогов және құқықтық сараптау бө 11-12 қазан 2013 жыл. Венеция. Конституциялық Кеңес Төрағасы И.И. Рогов және құқықтық сараптау бөлімінің басшысы Б.М. Нұрмұханов Еуропа Кеңесі Венециалық Комиссиясының 96-шы Пленарлық сессиясына қатысты.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=872 Sat, 12 Oct 2013 13:53:01 +0600
19-23 қыркүйек 2013 жыл. Анкара. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі А.М. Нұрм 19-23 қыркүйек 2013 жыл. Анкара. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі А.М. Нұрмағамбетов «Юрисдикция жөніндегі даулар туралы соттар мен юрисдикция туралы ұлттық және халықаралық дау-дамайлардың аспектісі» тақырыбында өткен халықаралық симпозиумге қатысты және «Қазақстанның Конституциялық Кеңесі тәжірибесіндегі мемлекеттік органдардың арасындағы өкілеттіктерін ажырату мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=871 Wed, 25 Sep 2013 13:30:00 +0600
26-27 қыркүйек 2013 жыл. Рига қаласы. Конституциялық Кеңес мүшесі А.Н. Жайылғанова Латвия Консти 26-27 қыркүйек 2013 жыл. Рига қаласы. Конституциялық Кеңес мүшесі А.Н. Жайылғанова Латвия Конституциялық Сотының Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясымен бірігіп ұйымдастыруымен өткен «Конституциялық Соттың юрисдикциясы: шектері және ұлғайту мүмкіншіліктері» атты халықаралық конференцияға қатысып, онда «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің өкілеттіктері және оларды кеңейтудің конституциялық мүмкіншілік берілетін шектері» тақырыбында баянадама жасады.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=870 Fri, 27 Sep 2013 09:27:00 +0600
27 қыркүйек 2013 жыл. Алматы. Конституциялық Кеңес Төрағасы И.И. Рогов пен Кеңес мүшесі Н.В. Бе 27 қыркүйек 2013 жыл. Алматы. Конституциялық Кеңес Төрағасы И.И. Рогов пен Кеңес мүшесі Н.В. Белоруков «Қылмыстық соттөрелігі саласы және сот билігінің тәуелсіздігін нығайту бойынша 2011 жылғы БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комитетінің баяндамасының рекомендацияларын Қазақстан Республикасының орындауы» эксперттік конференциясының жұмысына қатысты. Конституциялық Кеңес Төрағасы И.И. Рогов құттықтау сөз сөйледі.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=869 Fri, 27 Sep 2013 09:25:00 +0600
Ү.ж. 29 тамызында Астана қаласы «Rаdisson» қонақ үйінің  «Сары арқа» Ү.ж. 29 тамызында Астана қаласы «Rаdisson» қонақ үйінің  «Сары арқа» залында Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған «Конституция – қоғам мен мемлекет даму стратегиясының негізі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияны ұйымдастырушылар Конституциялық Кеңес, Бас прокуратура, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Астана қаласының әкімшілігі, Еуропа Кеңесі Құқық арқылы демократия үшін еуропалық комиссиясы (Венеция комиссиясы), Қазақстан халқы Ассамблеясы, Халықаралық заңгерлер одағы, Қазақстан заңгерлері одағы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=866 Thu, 29 Aug 2013 09:12:00 +0600
2013 жылғы 12 шілдеде Баку қаласында Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбай 2013 жылғы 12 шілдеде Баку қаласында Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов Әзірбайжан Конституциялық Сотының 15 жылдығына арналған «21-ғасырдағы конституциялық сот төрелігі: ерекшеліктері және даму жолдары» атты халықаралық конференцияға қатысты.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=865 Fri, 12 Jul 2013 11:33:00 +0600
7.12.2012ж. Лакнау қаласында (Индия), Конституциялық Кеңестің мүшелері Ү.М. Стамқұлов пен А.М. Нұ 7.12.2012ж. Лакнау қаласында (Индия), Конституциялық Кеңестің мүшелері Ү.М. Стамқұлов пен А.М. Нұрмағамбетов, сондай-ақ, Аппараттың талдау бөлімінің бас сарапшысы Н.Ш. Марипова әлемдік әділет басшыларының 13-ші халықаралық конференциясына құрметті қонақ ретінде қатысты.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=864 Fri, 07 Dec 2012 05:28:00 +0600
2013 жылғы 11-15 маусым. Мадрид (Испания). Конституциялық Кеңес мүшесі Н.В. Белоруков өлім жазасы 2013 жылғы 11-15 маусым. Мадрид (Испания). Конституциялық Кеңес мүшесі Н.В. Белоруков өлім жазасына қарсы күрес 5-ші бүкіл әлемдік конгресс жұмысына қатысты.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=863 Tue, 11 Jun 2013 15:31:00 +0600
Конституциялық Кеңестің Мүшесі І.Ж. Бақтыбаев 2013ж. 3-5 шілде аралығында Ереван қаласында (Армен Конституциялық Кеңестің Мүшесі І.Ж. Бақтыбаев 2013ж. 3-5 шілде аралығында Ереван қаласында (Армения) өткен «Құқық үстемдігінің Еуропалық стандарттары және Еуропа Кеңесіне мүше-елдердегі билікырығының шегі»Жалпыеуропалық конференция жұмысына қатысып, «Қазақстанның ұлттық заңнамасына халықаралық құқық нормаларын имплементациялау» тақырыбында баяндама жасады.

]>
http://constcouncil.kz/kaz/?cid=0&rid=862 Thu, 04 Jul 2013 10:02:00 +0600